Дауылды алдын ала ескерту

“Қазгидромет” РМК-ның 2023 жылғы 14 наурыздағы дауылды ескертуінің негізінде 2023 жылғы 15 наурыз күні Жетісу облысында қатты қар жаууы күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі

Дата публикации
14 марта 2024