Кербұлақ ауданының аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1, 48 баптары негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурс

Кербұлақ ауданының аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің  43-1, 48 баптары негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурс 2024 жылдың 22 сәуірінде Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 10 мекен жайда орналасқан Кербұлақ ауданы әкімдігінің ғимаратында жабық түрде өткізіледі.        

 Конвертерді ашылуы сағат 10:00-ден басталады. Өтінімдерді                 2024 жылдың сәуір айының 01-19 күндер  аралығында Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 10 мекен жайда орналасқан Кербұлақ ауданының әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің» №10 кабинетінде қабылданады. Өтінімдердің соңғы қабылдау күні 2024 жылдың       19 сәуір сағат 18:00-ға дейін.

Дата публикации
05 марта 2024