Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Талдықорған қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 400 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 144624 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 2 тармағындағы «150» саны «800» санына ауыстырылсын.
- Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық
мәслихатының төрағасы Т. Ахажан