«Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА.

"Талдықорған қаласы Отенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" Отенай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 қарашадағы №44 Н/Қ өкімі негізінде 2023 жылғы 21-27 қараша аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен "Талдықорған қаласы Отенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ауылдық округ әкімінің аппараты) жұмыс кезеңі – 2023 жылғы 4 қаңтардан 27 қарашаға дейін қамтылды.

Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Талдықорған қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 09 шілдедегі № 388 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады.

Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметі Талдықорған қаласы Отенай ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

Дата публикации
28 ноября 2023