«Талдықорған қаласының Еркін ауылдық округі әкімі аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА.
"Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" Еркін ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 қарашадағы №41-ө Н/Қ өкімі негізінде 2023 жылғы 21-27 қараша аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ауылдық округ әкімінің аппараты) жұмыс кезеңі – 2023 жылғы 4 қаңтардан 27 қарашаға дейін қамтылды.
Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Талдықорған қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 13 сәуіріндегі № 188 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметі Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
Дата публикации
28 ноября 2023