Талдықорған қаласындағы 2022-2025 жылдарға арналған Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Талдықорған қаласындағы 2022-2025 жылдарға арналған Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы бекітілсін.
  2. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі»мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласының тұрғын үй қорын реновациялау 2022-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың әкімшісі болып белгіленсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қ. Бұлдыбаевқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Талдықорған қаласындағы 2022-2025 жылдарға арналған Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы
Дата публикации
17 февраля 2022