Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

«Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140 - бабының 2 - тармағына сәйкес Талдықорған қаласының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сайлауғалы Әбдісәліұлы Байназаровқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Дата публикации
03 апреля 2020