Сіздерге сауда қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңымен (бұдан әрі-Заң) реттелетіні туралы хабарлаймыз.
Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, ішкі сауда субъектiлерi тауар бағаларын өз бетінше айқындайды.
Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бірнеше өндірушіден немесе көтерме сауда арқылы берушіден болған жағдайда, неғұрлым төмен құны бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін арттырғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 Қаулысыменбірінші қажеттіліктегі әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының 19 атауы бекітілген.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін: бірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), картоп, асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, ақ қант – құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), пастерленген сүт майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамада, майлылығы 2,5% айран жұмсақ қаптамада, сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), тауық жұмыртқасы (I санатты), аc тұзы ("Экстра" -дан басқа), сүзбе майлылығы 5-9%.