Құрметті Талдықорған қаласының кәсіпкерлері!

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 110-бабы 2-тармағынасәйкес, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқорқоспасын,темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды:

1) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға;

2) он сегіз жасқа дейінгі адамдардың сатуына;

3)темекі бұйымының ашыққораптарынан немесе темекі бұйымдарын даналап сатуға;

4) сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы;

5) денсаулықсақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыс жайлардың, стадиондардың ғимараттары мен аумақтарында;

6) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;

7) темекі бұйымының қорабына сәйкестендіру құралдары жапсырылмаса;

8) егертемекібұйымыныңқорабындажиырмасигареттен кем болса;

9)темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына орналастырылатын кемінде үш зияндық осынды-жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына жазылмаса;

10)темекі бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекіқыздыруға арналған жүйелердің қорабына темекі бұйымдарын тұтынудың және никотиннің зияны туралы ескерту жазылмаса;

11)темекі бұйымының қорабына, тұтынуқаптамасына, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқорқоспасының,темекі қыздыруға арналған жүйелердің, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың тұтыну қаптамасына жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға және он сегізжасқа дейінгі адамдардың сатуына тыйым салынғаны туралы жазба жазылмаса;

12) тұтынушыны тікелей немесе жанама түрде жаңылыстыруға алыпкелетін ақпарат, оның ішінде "құрамында шайыр аз", "жеңіл", "өтежеңіл", "жұмсақ", "экстра", "ультра" дегенсөздер не басқа бұйымдармен және (немесе) тұтыну тәсілдері мен салыстырғанда белгілі бір бұйымдар және (немесе) тұтыну тәсілдері зиянының аз екені туралы жалған әсер қалдыратын, сондай-ақтағамдық өнімдердің (тағамдық қоспалардың), оның ішінде жемістердің, жидектердің, кондитерлік бұйымдардың дәмі бар дегенді білдіретін өзге де сөзтіркестері, оның ішінде шеттілдердегі сөзтіркестері, кезкелген терминдер,  сипаттамалар, белгілер, символдар немесе өзге де белгілен өнімдер болса;

13) басқа да тауарлар мен жиынтық құрамда болса;

14) өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінен;

15)балалар ассортименті тауарлары мен сауда жүзеге асырылатын сауда ұйымдарының үй-жайларында;

16) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтарды шығарып және ашық көрсете отырып, сатуға тыйым салынады. Бөлшек сауданың жүзеге асырылуы кезінде темекі өнімі, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, темекі қыздыруға арналған жүйелер, тұтынудың электрондық жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар туралы ақпарат сатылатын өнімнің тізбесін орналастыру арқылы сатыпалушылардың назарына жеткізіледі, оның мәтіні қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттер пайдаланылмай, сатылатын темекі өнімінің бағасы көрсетіле отырып, бір сауда орнына 40х30 сантиметрден аспайтын көлемдеақ фонда қара түсті бірдей өлшемдегі әріптер мен орындалады және әліпбилік ретпен жасалады. Сауда объектісін де сатып алушыға темекі өнімін, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды көрсету сатылатын темекі өнімінің, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтардың тізбесі мен танысқаннан кейін оның талапетуі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін;

17) теміржол вокзалдарының, автовокзалдардың, әуежайлардың, теңіз порттарының, өзен порттарының аумақтары мен үй-жайларында (бажсыз сауданы қоспағанда), жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтеркөрсетуге арналған метрополитен станцияларында, тұрғын үй және қонақ үй қызметтерін, уақытша орналастыру және (немесе) уақытша тұруды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді, тұрмыстық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үй-жайларда сатуға тыйым салынады.

Сіздердің  назарларыңызға, Қазақстан Республикасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 199-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын хабарлаймыз.

Сізден, темекі және темекі өнімдерін сату кезінде заң талаптарын сақтауды сұраймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті Талдықорған қаласының кәсіпкерлері!
Дата публикации
26 января 2022