2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясы шеңберінде құрылған Дүниежүзілік сайлау күні биыл 2022 жылғы 3 ақпанда атап өтіледі. Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен, 25 мемлекеттің мүшесі, арасындағы Қазақстан Республикасыда бар, бұл күнжыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде аталып өтуде. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу, Дүниежүзілік сайлау күнін белгілеу саласындағы кәсіби мамандар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау үдерістерін жетілдіру мәселесіне халықтың назарын аударуды мақсат етті. Бұл күнді өткізудің негізгі мақсаттары қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету, жас сайлаушыларда демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру, сайлаушылардың қатысу белсенділігін арттыру болып табылады.