Талдықорған қаласының тұрғындары дайын құжаттарды ХҚО-дан үйлеріне тапсырыспен алдырта алады

Дайын құжаттарды үйге жеткізу сервисі Талдықорған қаласының тұрғындары үшін  қолжетімді. Онда жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу құжаттарына, жер учаскесінің актілеріне, апостильденген білім туралы құжаттарға, мұрағат анықтамаларына, әскери билеттердің телнұсқаларына және басқа да дайын құжаттарға, барлығы 144 Мемлекеттік қызмет түрі бойынша тапсырыс беруге болады.

ХҚО-ға барып, тапсырыс берген құжат дайын болған сәтте клиентке жеткізу сервисін пайдалану туралы SMS-ұсыныс жолданады. Келіскен жағдайда клиент көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, құжат жеткізілуі тиіс мекенжайды көрсетеді. Одан әрі клиент 970 теңге көлемінде қала аумағында жеткізу қызметінің құнын төлеуі қажет. Курьер поштаны тапсырыс берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жеткізеді

Талдықорған қаласының тұрғындары дайын құжаттарды ХҚО-дан үйлеріне тапсырыспен алдырта алады
Дата публикации
10 декабря 2021