Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 мамырда № 20756 болып тіркелді
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
Б. Нурымбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасының |
"Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
Мемлекеттік корпорацияда - тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
көрсетілетін қызметті берушіде - тіркелген және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Өтініш берушінің (өкілдің) жүгінбеуіне байланысты мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, аталған мерзім аяқталған соң сұранымсыз құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Әлеуметтік қызметкердің арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қорытындысы қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жасалады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мелекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тірклген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
|
|
"Медициналық-әлеуметтік |
|
|
Нысан |
Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысына
_____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жеке басты куәландыратын құжат 20___ жылы "___" ________ № ___ берілді
Тіркелген жері _________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы ________________________________________
Туған жері ____________________________________________________
Туған жылы "___" _________ _____ жыл
Жәрдемақы түрі мен мөлшері _____________________________________
Мүгедектік санаты ____________________________________________
Туыстарының (заңды өкілдерінің) болуы)___________________________ _
_____________________________________________________________________
(туыстық қатынастар, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны)
ӨТІНІШ
________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
(стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)
тәулік бойы тұрақты/уақытша (қажетінің астын сызу) тұруға қабылдауды сұраймын,
өйткені стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) _______________________ 2) _________________________
3) _______________________ 4) _________________________
5) _______________________ 6) _________________________
7) _______________________ 8) _________________________
9) _______________________ 10) ________________________
Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге
құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру шарттарымен
және ішкі тәртіп қағидаларымен таныстым.
20___ жылғы "___" ___________
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Құжаттарды қабылдады _____________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
20___ жылғы "___" ___________
|
|
"Медициналық-әлеуметтік |
|
|
Нысан |
Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысына
_____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
ӨТІНІШ
Мені, ____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
"___" ___________ ______ жылы туған, _____________________
мекенжайы бойынша тұратын _____________________________________
(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)
күндізгі болуға қабылдауды сұраймын, өйткені жартылай стационар жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) _______________________ 2) _________________________
3) _______________________ 4) _________________________
5) _______________________ 6) _________________________
7) _______________________ 8) _________________________
9) _______________________ 10) ________________________
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге
құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру
шарттарымен және ішкі тәртіп қағидаларымен таныстым.
20___жылғы "___" __________
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Құжаттарды қабылдады _____________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
20___ жылғы "___" ___________
|
|
"Медициналық-әлеуметтік |
|
||
|
"Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
||
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіде жүгінген кезде - құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап - 17 (он жеті) жұмыс күні. |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету және көрсету нәтижесін беру нысаны |
Қағаз түрінде |
||
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе осы Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
||
|
6 |
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері |
Тегін |
||
|
7 |
Жұмыс графигі |
1) Мемлекеттік корпорацияда - жексенбі және мереке күндерiнен басқа, белгiленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскі асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн. |
||
|
8 |
Құжаттардың тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады: |
||
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу; |
||
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мүгедектерге медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу әлеуметтік қызметкердің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. |
||
|
|
"Медициналық-әлеуметтік |
|
||
|
|
Нысан |
|
||
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19, 19-1 баптарының, 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып",
_____________________________________________________________________
(Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы)
Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) … .
ұсынуыңызға/ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы:__________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерінің ТАӘ (бар болса), қолы
Телефон: ________________________________________________________
Алдым: ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының немесе заңды өкілінің ТАӘ (бар болса), қолы)
20___ жылғы "___" ____________.
|
|
"Медициналық-әлеуметтік |
|
|
Нысан |
МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
__________________________________________________________________
(наименование медицинской организации)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________
Туған жылы "___" __________ _____ жыл
Мекенжайы __________________________________________________
Қысқаша анамнез (бастан кешкен аурулар, дәрілік препараттардың, тамақ өнімдерінің көтере алмайтындығы және т.б. туралы мәліметтер):
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Медициналық тексеру (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынулардың болуын көрсете отырып):
хирург ____________________________________________________________
невропатолог ______________________________________________________
психиатр _________________________________________________________
окулист ________________________________________________________
отоларинголог ____________________________________________________
дерматовенеролог ________________________________________________
фтизиатр (флюорография деректерінің болуы міндетті) ______________
терапевт/педиатр ____________________________________________
эпидемиологиялық орта туралы қорытынды:_____________________
Көрсеткіштер бойынша:
стоматолог ______________________________________________
эндокринолог __________________________________________________
кардиолог _______________________________________________________
ортопед _______________________________________________________
нарколог _______________________________________________________
онколог ________________________________________________________
гинеколог (уролог) _____________________________________________
Зертханалық зерттеулер нәтижелері:
қанның жалпы талдауы ______________________________________________
(күні, нәтижесі)
АИТВ инфекциясына қан талдауы ________________________________
(күні, нәтижесі)
мерезге қан талдауы _________________________________________
(күні, нәтижесі)
зәрдің жалпы талдауы ______________________________________
(күні, нәтижесі)
ельминт жұмыртқасына нәжісті паразитологиялық зерттеу
_____________________________________________________________________
(күні, нәтижесі)
нәжісті ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу
_____________________________________________________________________
(күні, нәтижесі)
менингококк инфекциясына зертханалық тексеру
_____________________________________________________________________
(күні, нәтижесі)
психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін:
әйелдерде қынап жағындысы __________________________________
(күні, нәтижесі)
ерлерде уретральды жақпа _______________________________________
(күні, нәтижесі)
Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы:
_____________________________________________________________________
(Стационарлық (жартылай стационарлық) ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)
М.О.
Медициналық ұйымның басшысы: ____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
20___ жылғы "___" __________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК