Жер учаскелерін және басқа да жылжымайтын мүлікті мемлекеттік мұқтаж үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Жер учаскелерін және басқа да жылжымайтын мүлікті мемлекеттік мұқтаж үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі                № 568 қаулысымен бекітілген Талдықорған қаласының Бас жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18 бабының                 2) тармақшасы, 84 бабының 2-тармағының 5) тармақшасы, 85-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының                     6-тарауына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағындағы 12-3) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иесі:
  • Искакова Сандуғаш Дінисламқызының Талдықорған қаласы Балапанов көшесі № 14 «Б», жалпы алаңы 0,0874 га құрайтын, кадасторлық № 03-268-009-364
  • Искакова Сандуғаш Дінисламқызының Талдықорған қаласы Балапанов көшесі № 14 «А», жалпы алаңы 0,3425 га құрайтын, кадасторлық № 03-268-009-365, жер учаскелерін және басқа да жылжымайтын мүлікті мемлекеттік мұқтаж үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  1. 2021 жылдың 16 қараша айы иеліктен шығару күні болып анықталсын.
  2. Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімімен бірлесіп меншік иелері мен мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға хабардар етсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да тиісті шаралар қабылдансын.
  3. Осы қаулы қабылданғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бұқаралық ақпарат құралдарында және Талдықорған қаласы әкімінің ресми сайтында жарияласын.
  4. Меншік иелері мен мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға келісімдік рәсімдерін жүзеге асыру мақсатында «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Талдықорған қаласы, Аба
  5. й көшесі № 241 мекен-жайы бойынша жолықсын, телефон: 8 (7282) 24-31-33, электрондық мекен-жай: ugkh.tld@mail.ru.
  6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Бегмановқа жүктелсін.

 

 Қала әкімі                                                                              Е. Жасыбаев

 

Жер учаскелерін және басқа да жылжымайтын мүлікті мемлекеттік мұқтаж үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Дата публикации
16 августа 2021