«Талдықорған» газеті

«Талдықорған» газеті Қазақстан Республикасы аумағына жазылу арқылы тарайды.

Басылым 1992 жылдың 2 наурызында алғашқы санын жарыққа шығарды.

Ұжымда 14 адам қызмет етеді, 7-і журналист. Данагүл Мәкен газеттің алғаш жарық көрген күнінен бері қызмет атқарады. Данагүл Мәкен, Алма Уразаева, Айдын Кәлімхан, Данияр Сағындық, Назерке Әділбекова, Гүлжанат Нұршанова, Динара Аужановалар Алматы облысы, Талдықорған қаласы әкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хатын» иеленген. Айдын Кәлімхан - журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Бірнеше өлеңдер жинағы мен екі романның авторы.

«Талдықорған» газеті
Дата публикации
12 августа 2021