Халықтық қатысу бюджеті
Ұсыныстарды қабылдау, дауыс беру және өтінімдерді қарау жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімдері.
15.02 дейін
Үлгілік жобалық ұсыныстарды және жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты әкімдіктің ресми интернет-ресурсында орналастыру
20.02-ден 10.03-ке дейін
Үлгілік жобалық ұсыныстар бойынша тұрғындардан жобалық ұсыныстарды жинау
25.03 дейін
Келіп түскен жобалық ұсыныстарды қала әкімдігінің оларды іске асыру құзыреттілігінің болуы және талаптарға сәйкестігі тұрғысынан талдау, сондай-ақ талдауды ресми интернет-ресурста (бұқаралық ақпарат құралдарында)орналастыру
06.05 дейін
Дауыс беруді өткізу
11.05 дейін
Дауыс беруді қорытындылау
11.05 дейін
Сараптамалық кеңестің дауыс беру нәтижелері негізінде шешім шығаруы
11.05 дейін
Сараптамалық кеңестің дауыс беру нәтижелері мен шешімдерін ресми интернет-ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру
25.05 дейін
Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде жобалық ұсыныстарды іске асыру бойынша бюджеттік өтінім беру
тоқсан сайын, 10-на дейін
Жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысы, сондай-ақ олардың іске асырылу қорытындылары, оларды қаржыландыруға байланысты қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпаратты әкімдіктің интернет-ресурсында орналастыру
тұрақты
Жобалық ұсыныстарды іске асыруға арналған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және кассалық орындалуын бақылау.
|
|
1-қосымша «Халықтың қатысу бюджетін іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Талдықорған қаласы әкімдігінің «______» __________2020 ж. №________ қаулысы |
«Халықтық қатысу бюджеті» аясында Талдықорған қаласы тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарау, іріктеу және шешім қабылдау бойынша Сараптамалық кеңес
|
1 |
А.А.Бегманов |
Қала әкімінің орынбасары |
|
2 |
Қ.Р. Мәженов |
«Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы |
|
3 |
Н. Алиұлы |
«Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының м.а. |
|
5 |
Н.Қ. Алтынбеков |
«Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. |
|
5 |
С.Қ. Құрманбаев |
«Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы |
|
6 |
М.Б. Қалықов |
«Талдықорған қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры (келісім бойынша) |
|
7 |
Р.В. Валишанов |
Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) |
|
8 |
Ж.Н. Нұрлыбаева |
Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) |
|
9 |
Т.С. Данабеков |
Талдықорған қаласының қоғамдық кеңес мүшесі (келісім бойынша) |
|
10 |
Р.Ф. Хакимов |
Талдықорған қаласының қоғамдық кеңес мүшесі (келісім бойынша) |
|
11 |
Д.Б. Кушхаканов |
Блогер (келісім бойынша) |
|
|
2-қосымша «Халықтың қатысу бюджетін іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Талдықорған қаласы әкімдігінің «______» __________2020 ж. №________ қаулысы |
«Халықтың қатысу бюджеті» жобасы аясында Талдықорған қаласы тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарау, іріктеу және шешімдер қабылдау жөніндегі Сараптамалық кеңесті ұйымдастыру және оның қызметінің тәртібі
«Халықтың қатысу бюджеті» жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы №470 бұйрығымен бекітілген, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу Ережелері аясында іске асырылады (12.03.2020ж. жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулармен).
«Халықтың бюджетке қатысу» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Талдықорған қаласы бойынша интернет – ресурсында ақпараттық жүйе әзірленді: OpenBudgetTdq, http://taldykorgan.gov.kz. http://budget-tdk.kz.
1) жобалық ұсыныстың осы Тәртіптің талаптарына сәйкестігі туралы шешімдер қабылдау;
2) дауыс беруге арналған тізбеге жобалық ұсыныстарды енгізу жөнінде шешімдер қабылдау;
3) отырыстарды ашық және жария өткізу, отырыстардың хаттамаларын интернет-ресурста жариялау, отырысты өткізу уақыты мен орны туралы интернет-ресурс арқылы алдын ала хабарлау.
1) қала тұрғындары үшін қолжетімділікті шектемей, ортақ пайдаланылатын нысан;
2) Талдықорған аумағының тиісті тұрғындары үшін өзектілігі.
Бұл ретте, бір қаржы жылы ішінде іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.
- жобалық ұсыныстың атауы бір сөйлем шегінде жазылуы керек және берілген ұсыныстың мақсатына қайшы келмеуі керек;
- бір өтінім – бір нысан, яғни автор тек бір ғана жобалық ұсыныс бере алады;
- жобалық ұсынысты іске асыру Талдықорған қаласы әкімі аппаратының құзыреті шегінде болуы тиіс.
1) аумақты көгалдандыру;
2) жаяужолдарды (тротуар) жайластыру;
3) жаяужолдарды (тротуар), пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4) ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, шағын бақтар, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де нысандар) құру, жөндеу және жарықтандыру;
5) жиектерді, тас төсеуіштерді, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) жалпы пайдалану орындарында балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған орындықтарды, қоқыс жәшіктерді, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу;
8) жалпы пайдалану орындарында және аула аумақтарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.
Аталған бағыттар бойынша қаралған жылдың алдындағы 5 жылдан кейін іске асырылған жобалар қарауға қабылданбайды.
Қала тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы қаржы жылының 20 ақпанынан бастап 10 наурыз аралығында жүзеге асырылады.
Талдықорған қаласы тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қабылдау осы Тәртіптің 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Интернет-ресурс арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, дауыс беруге жіберілмейтін жобалық ұсыныстар:
1) тұтас болып табылмайды, бірақ үзінді сипатқа ие және келесі қаржы кезеңінде аяқтау үшін қосымша бюджет ақшасын талап етеді (элементтердің бірін болашақта орындау қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді);
2) Талдықорған қаласының даму басымдықтарына сәйкес келмесе;
3) коммерциялық сипаттағы жобалық ұсыныстарды іске асыруды қарастырылса;
4) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жіберілсе;
5) балағат сөздер, жала жабу, тіл тигізу, зорлық-зомбылыққа шақыру және т.б.
Екі және одан да көп жобалық ұсыныстар үшін дауыстар тең болған кезде хаттамада оларға бірдей позиция беріледі.
Бұл ретте Талдықорған қаласының 10-нан кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстарды іске асыруға жол берілмейді.
Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі Талдықорған қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
және ақпаратты жариялау
Жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен тұрғындар жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысымен танысуға және мониторинг жүргізуге құқылы.
Жобалық ұсыныс
Жоба санаты: (қалқымалы терезеден таңдалады)
Атауы: _____________________________
Жобаның сипаттамасы: __________________________________________
Рұқсат беру хаттамасы үшін жобаның қысқаша сипаттамасы:___________________________________________________
Іске асыру мекен-жайы: _____________________________________
Автордың аты-жөні
Электрондық пошта
Байланыс телефондары
Жобалық ұсынысқа шығыстардың болжамды сметалық есебі, сондай-ақ жобаның фотосуреті/эскизі/макеті/схемасы қоса берілуі мүмкін (оларды интернет-ресурстан пайдалануға болады.