Бүгінгі күні Талдықорған қаласы аумағында 23 мекеме өз жұмыстарын атқаруда, оның ішінде 9-ы облыстық, 14 мекеме қалалық болып табылады.
«Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 14 мекеменің - 3 мәдениет үйі, 2 клуб, 9 кітапхана.
Сондай-ақ, қаладағы «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар 23 өнер ұжымына 2 400 ден астам бала, 1904 жастар мен 100-ден астам аға буын өкілдері қатысады.
Қала аумағында алдын-ала және мемлекеттік тізіміне енгізілген 23 ескерткіштер мен тарихи-мәдениет объектілері орналасқан. Ескерткіштер «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің есебінде тұр, әрбір ескерткіште төлқұжаты мен есепке алу карточкалары жасалынған.
«Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі және оған бағынысты ведомстволық мекемелерінде 2021 жылдың жарты жылдығында онлайн форматта 680 шара өткізілді. Іс-шараларға 89 мың 59 адам қамтылды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында 794 шара ұйымдастырлды. Іс-шаралар мемлекеттік пен кәсіби мерекелерді, мерейлі даталармен атаулы күндер, байқаулар, жаңа объектілердің тұсау кесері және тағы да басқа көптеген шаралар әр түрлі бағыт бойынша жүргізілді. Бұл жұмыстар: балалар шығармашылығының дамуына байланысты, өскелең ұрпақпен, жастармен, қарт адамдармен жұмыстар, халықтың бос уақытын ұйымдастыру, ұлттық салт-дәстүрді, ән-жырды дәріптеу іс-шаралары және де мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары.
Сонымен қатар, мәдениет қызметкерлері облыс орталығында өткізілетін халықаралық, республикалық және облыстық іс-шараларға белсенді түрде қатысып, ат салысты.
Тілдерді дамыту бағдарламасы бойынша бөлімнің ұйымдастыруымен қала аумағында әр түрлі жастағы және әр түрлі ұлттардың өкілдері қатысатын ірі көлемде 30 тілдік шаралар өткізіліп 450 адам қамтылды. Қазақстан Республикасы тілдер туралы Занының талаптарына сайкес ішкі және сыртқы ақпаратты жазуда және қала ішінде орналастыру бойынша түрлі шаралар және әдістемеліқ көмек қорсету, анықтамалық жұмыстар үнемі түрде бөлім қызметкерлерімен ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, 2021 жылы ішкі және сыртқы ақпаратты жазу бойынша 30 рейд, 2 дөңгелек үстел, 3 семинар, «Тілдер туралы» заннамасы аясында 620 нысан иелеріне әдістемелік көмек көрсетілді. «Тіл және ономастика» жұмыс тобымен, әр тоқсанда 1 рет тұрғындардың көшелерін, ауылдарды және т.б. ономастика саласындағы сұрактармен кездесулер өткізіледі.
2021 жылдың басынан «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мәдени іс-шаралар өткізу үшін 48,2 млн теңге бөлініп 9 - ақпан күні, қазақ елінің мәңгілік ерлік мұрасын баян еткен, әдебиетін асқақтатып, мәдениетін әспеттеп жырға қосқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Есіңе мені алғайсың» атты ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау және «Поэзия, менімен егізбе едің?» атты ақынның өлең шумақтарын мәнерлеп оқу челлендждері, 15-наурыз күні Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» атты жыраудың жырларын мәнерлеп, жатқа оқу байқауы өтті. 22-наурыз Ұлыс күнінде бұлақ көзін ашу, тал егу шаралары және "Талдықорған әуендері" фольклорлы-этнографиялық ансамблінің онлайн концерті өтті. Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай 13-наурыз күні Мойнақ ауылдық мәдениет үйінде "Төгейін жырды халқыма", 14-сәуір күні Еңбек ауылдық мәдениет үйінде "Жамбылды жырлайық", 21-сәуір Өтенай ауылыдық мәдениет үйінде "Қазақ даласының жыршысы" тақырыптарында жас ақындар айтысының іріктеу кезеңдері өтті. Талдықорған қаласы аумағындағы жас ақындар арасындағы айтыстың ақтық сыны «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Өтенай ауылдық мәдениет үйінде «Жыр алыбы - Жамбыл» атты айдармен өтті. 18 сәуір - «Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні» бөлім және қарасты мәдениет ошақтарымен қала аумағындағы Республикалық және жергілікті маңызы бар 20 тарихи және мәдениет ескерткіштері маңында тағзым ету, тарихи танымдық сағаттар, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
12-27 сәуір аралығында 29-сәуір "Халықаралық би күніне" орай «Тұғыры биік - Тәуелсіз ел!» атты әртүрлі ұлт өкілдерінің өз ұлтының халық биін билеу онлайн байқауы ұйымдастырылды.
1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай 12-27 сәуір аралығында «Ұлы даладағы – ұлттар достығы!» атты әртүрлі ұлт өкілдерінің өз ұлтының халық әнін орындау және «Бірлігі бекем – Мәнгілік ел!» атты өзге ұлт өкілдерінің қазақтың халық әнін орындау онлайн байқауы ұйымдастырылды.
15 сәуір мен 6 мамыр аралығында 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұранды елдің – Ұрпағы қайсар» атты әскери – патриоттық ән орындау онлайн байқауы, 30 шы сәуір мен 9 шы мамыр аралағында «Ер есімі – Ел есінде» атты 9 мамыр Ұлы Жеңіскүніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарды Жеңіс күнімен құттықтау челленджі ұйымдастырылды.
9 мамыр күні 7-мамыр Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылған күніне және 9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Ел намысын ер қорғайды, ер ерлігін ел қолдайды» атты "Даңқ" обелискісіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Шара «Талдықорған әуендері» халықтық, фольклорлық-этнографиялық ансамбілінің мерекелік онлайн концертіне ұласты.
31-мамыр күні Абай және Қабанбай батыр көшелерінің қилысындағы №2 орта мектеп аумағында орналасқан «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған белгітас» маңында және І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті аумағында орналасқан І.Жансүгіров ескерткішінің жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай гүл шоқтарын қойып, тағзым ету шаралары атқарылды.
14-31 мамыр аралағында «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Ұлтық аспапта дәстүрлі ән орындау», «Эстрадалық сүйемелдеумен ән орындау», «Ұлттық аспапта орындау», «Жатқа өлең-жыр оқу», «Қазақ ұлттық биін орындау» номинациялары бойынша «Ұлы дала-ұландары» атты онлайн байқауы ұйымдастырылды.
26-мамыр және 2-маусым аралығында "Мемлекеттік Рәміздер-ұлттық мақтанышымыз" тақырыбында патриоттық ән орындау онлайн челленджі және жыл басынан бері әсем шаһарымызда бой көтерген бірнеше жаңа маңызды нысандар мен тұрғын үйлердің жаңа демалыс орындарының ашылу салтанаттары өткізіліп арнайы сыйлықтар мен гүл себеттері алынды. Жарты жылда 20, млн теңге қаржы игерілді.