Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 наурызда № 22394 болып тіркелді
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
С. Шапкенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасының |
"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлектетік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге куәліктер беруді тіркеу журналында белгі қойып, куәлік береді. Куәлікті жоғалтқан және/немесе ол бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей куәліктің телнұсқасын береді, оған "телнұсқа" мөртабасы қойылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге бұдан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі –әкімдік) кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
|
|
"Ақталған адамға куәлік беру" |
|
|
____________________________ |
Ақталған адамның куәлігін (телнұсқасын) беру туралы өтініш
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маған жеңілдіктерге құқықты растайтын ақталған адамның куәлігін (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттардың төлнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын.
Куәлікті беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20__ жылғы "__" ___________ _____________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттарды: ____________________________________________ қабылдады.
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20__ жылғы "__" ___________ _____________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
---------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
|
Ү |
________________________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен бірге қабылданды, өтінішті тіркеу күні: 20_____ ж. "___" ___________ (көрсететін қызметті алу күні өтініш уәкілетті органда тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні) 20_____ ж. "___" ___________ |
|
|
|
|
"Ақталған адамға куәлік беру" |
||
"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші |
Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қол жеткізу каналдары) |
Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады. |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: |
|
|
|
4 |
Көрсету нысаны |
Қағаз түрінде |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
"Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және "Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген үлгідегі куәлік немесе оның телнұсқасы. |
|
|
|
6 |
Мемлекетік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі: |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мынадай құжаттар қажет: |
|
|
|
9 |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздері |
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай: |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
|
|
|
|
"Ақталған адамға куәлік беру" |
|||
|
|
Нысан |
|||
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
не көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделеген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
(құжаттардың атауы:
1) ______________________________;
2) ______________________________.
3) ...
ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты _____________________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_________________________________________________ __________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Телефон (бар болса) __________________
Алдым:__________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы
20___ жылғы "___" _____________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК