2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі қорытындылары туралы есеп

2020 жылы Талдықорған қаласында қала әкімдігінің 8 құрылымдық бөлімдері, сонымен қатар Еркін және Өтенай ауылдық округі әкімдерінің аппараттары 73 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. (Өтенай және Еркін ауылдық округі, «Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Талдықорған қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Талдықорған қаласының тұрғын үй және коммуналдық - шаруашылық бөлімі» ММ, «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ, «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ)

2020 жылдың 12 айында жалпы 64 045 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның электронды түрде 44 926.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру мақсатында қызмет берушілердің орындарында және Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық стендінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер стандарттары қала әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау бойынша БАҚ беттеріне 72 мақала жарияланды, телеарналарға 3 сюжет шығарылды, 28 іс-шара ұйымдастырылды, сондай-ақ әлеуметтік желілерге 74 мақала жариаланды.

Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Қ. Такебаев мемлекеттік көрсетіетін қызмет және Талдықорған қаласындағы «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жайлы «Antikor» «Instagram» парақшасына және қала әкімінің баспа сөз хатшысының «Instagram» парақшасына тікелей эфирге шықты. Халықты қамту саны 7606. 

Халықпен кедергісіз байланыс орнату мақсатында Талдықорған қаласы әкімінің 8 құрылымдық бөлімдері және 2 ауылдық округтің бастамасымен «QYZMET LIVE» жобасы іске асырылды.

Ауылдық округ әкімдері және бөлім басшылары әлеуметтік желі арқылы халықты алдын-ала хабардар ете отырып, әр аптаның бейсенбі күні арнайы бекітілген 2020 жылдың 2 қыркүйегіндегі Талдықорған қаласы әкімінің аппаратының басшысы А.Қ. Такебаев бекіткен жоспарға сәйкес «Instagram» әлеуметтік желісінде «тікелей эфирге» шығып отыруы қамтамасыз етілген.

Бүгінгі күнге дейін 14 мемлекеттік мекеме басшылары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы тікелей эфирге шықты. Халықты қамту саны 46857. 

«Е-gov» электронды Үкімет порталын насихаттау мақсатында Талдықорған қаласында «Egov жаршысы» Еріктілер қозғалысы атты акция өткізіліп 200 брошюра таратылды.

«Nur Otan» партиясының Талдықорған қаласы филиалының саяси кеңесінің отырысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мәселесі бойынша Талдықорған қаласы әкімдігінің 8 бөлімі және 2 ауылдық округ әкімдігі қатысаты.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Талдықорған қаласы қоғамдық кеңестің отырыстарысында 2020 жылдың І тоқсанында - қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі, ІІ тоқсанда - «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, ІІІ тоқсанда - Еркін ауылдық округінің аппараты, ІV тоқсанында - «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ округі қатысты.

2019 жылдың 13 желтоқсанында қала әкімімен  бекітген №112-ө «Талдықорған қаласының жергілікті атқарушы органдары және олардың бағынысты мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына  ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу бойынша 2020 жылға арналған жоспар» сәйкес 21 бөлімдер мен мектептерде ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Барлығы 3 мектеп және 1 мемлекеттік мекемеден мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтар анықталып, тиісті мамандардар жауапкершілікке тартылды.

Аумақтық облыс орталығында «Open Taldykorgan» сервистік әкімдік жобасы іске асырылып, мемлекеттік қызметтерді көрсету және қала тұрғындарының өтініштерін қабылдау, әртүрлі өмірлік жағдайлар бойынша кедергісіз орта және барынша ашықтық қағидасы бойынша кеңес беру міндетімен халық пен жергілікті орган арасындағы коммуникацияны арттыруға бағытталған. «Open Taldykorgan» сервистік әкімшілігінде Талдықорған қаласы бойынша келесі  мемлекеттік мекемелерінің фронт офис қызметкерлері «open space» принципі бойынша қызмет атқарады, бүгінгі күнге 9517 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Open Taldykorgan» сервистік әкімдігінде қала тұрғындарына «Smart Taldykorgan» мобильді қосымшасы әзірленіп, қосымшамен кезекті алдын ала броньдау арқылы қабылдау басталды.

 

       Қала әкімі аппаратының мемлекеттік

       қызметтер мониторингі және ақпараттық

       технологиялар бөлімінің басшысының м.а.                            А.А. Қасымова

 

 

2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі қорытындылары туралы есеп
Дата публикации
25 июня 2021