«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 1 маусымына атқарған жұмыстары туралы ақпарат

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал  актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 1 маусымына атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Қала бойынша: 25065 – зейнеткерлер, 4700 – мүгедектігі бар азаматтар: оның ішінде 1,2 топ - 3327 адам, 3 топ – 571, мүгедек балалар – 802, көп балалы аналар – 4938, оның ішінде 4-5 баласы барлар - 3431, «Алтын алқа» иегерлері - 709, «Күміс алқа» иегерлері - 798 тіркелген.

Талдықорған қаласы бойынша 2021 жылдың 01 маусымына – 2234 аз қамтылған отбасына (9911 отбасы мүшелері) – 390,4 млн. теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалып  төленді.

Сонымен қатар «Магнум» сауда орталығында, осы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 2742 балаларына бірыңғай   кепілдендірілген әлеуметтік пакет таратылуы ұйымдастырылған.

2021 жылға коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу үшін (жылу жүйесіне, сумен, электржүйесімен, газбен қамтуға, қатты қоқысты шығаруға байланысты қызметіне және көмір алуға) тұрғын үй көмегіне 419 отбасына               12,2 млн.теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге 128 отбасы 171 отбасы мүшелеріне 2,8 млн.теңге тағайындалып, төленді. 

1900 көп балалы ана қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүру билетімен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй кезегінде 1219 көп балалы, толық емес 3225 отбасы тіркелген. 

2021 жылға - 5182 жаңа жұмыс орынын ашу жоспарланып, 2772 жаңа жұмыс орны ашылды (оның ішінде: сауда - 199, ауыл шаруашылығы – 13, білім – 134, көлік және қоймалау – 3, құрылыс – 3, денсаулық сақтау – 305, басқа түрлері - 912 және уақытша жұмыс -  1203 (жоспардың орындалуы 53,4 пайыз).

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанына - 9260 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: мемлекеттік корпорация арқылы - 2844, веб-портал арқылы -                              2856, мемлекеттік мекемеде - 3066.

2021 жылға қоғамдық жұмысқа 1419 адамды жолдамамен жіберу жоспарланып, 1155 адамға жолдама берілді. 

Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруға 54 адамға 12,9 млн. теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге 54 адам жіберілді.

Жастар тәжірибесіне 204 жас түлекке 89,2 млн. теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге 92 адам жіберілді.

2021 жылдың басынан 15 адам 132,8 млн.теңге шағын несие алды (мал шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамыту үшін және т.б.).

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 58,3 млн.теңгеге 200 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 100 грант беру жоспарланып, жыл басынан 50 адамға                  29,1 млн. теңге көлемінде грант берілді (орындалуы 50,0%).

Қысқа мерзімді кәсіби оқуға 2021 жылға 390 адам жіберу жоспарланып,  бүгінгі күнге аспазшы, тігінші, кондитер, электромонтер, және т.б. мамандықтары бойынша 249 адам жіберілді.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес мүгедектерге арналған оңалту бағдарламасын іске асыру мақсатында гигиеналық құралдармен - 1100 адам, санаторлық-курорттық жолдамамен  -                   400 адам, тифлоқұралдармен – 91 адам, сурдоқұралдармен - 67 адам, протездік-ортопедиялық бұйымдармен - 79 адам қамтамасыз етілді, қол арбамен - 86 адам. Жүріп тұруы қиын 1 топтағы - 594 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі,               134 мүгедекке ымдау маманының қызметі ұсынылды.

Талдықорған қаласындағы  мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына пандустар құру, қайта құру  жұмыстары атқарылуда.

34 объектіге пандустарды жөндеу жұмыстарына  24,2 млн. теңге бөлініп, қаладағы мекемелерде мүгедектерге арналған пандустар орнатылды.     Мемлекеттік органдар   - 1 объект,   мәдениет  саласы -   8 объект, халықты әлеуметтік қорғау – 2 объект, білім саласы –18 объект, денсаулық сақтау  - 4 объект, спорт – 1  объект.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ғимараттарға арнайы  электркөтергіш орнатылған. (Алматы облысының әкімшілігінде,  қалалық Нұр Отан  партиясының филиалында, Алматы облысының жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, Облыстық прокуратурасында, «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Спорттық оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі).

Зағип мүгедектерге арналған  қала бойынша 21 дыбыстық сигналды бағдаршамдар  орнатылған: Рақышев - Алдабергенов, Тәуелсіздік - Балпык Би,  Тәуелсіздік - Рүстембеков, Ақын Сара – Қабанбай Батыр, Дәулет сауда үйінің жанында т.б.

Қалада 109 автотұраққа арнайы мүгедектердің автокөліктеріне арналған  белгілер койылды. (ШЖҚ "Талдықорған қалалық ауруханасы», Талдықорған қаласы әкімшілігі,  Халыққа қызмет көрсету орталығы, Талдықорған қаласының жұмыспен қамту,  әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі т.б.). 

Қала бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау үшін                         2 «Инватакси» қызметі жұмыс атқарады, 11 арнайы автокөлік мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдайды.  «Инватакси» диспечерлік қызметі күніне 65-70 адам, айына 1400 адамға дейін қабылдайды. 

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және ардагерлеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне 1,2 млн. теңге бөлініп ай сайын 8337 теңге жеңілдіктер  төленеді.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде 99 мүгедек-бала және 245 қарт тіркеуде тұр. 59 әлеуметтік қызметкер 8 арнаулы әлеуметтік  қызмет түрінен қызмет көрсетеді (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек).

                 Бөлім басшысы                                                            Г. Оспанова              

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 1 маусымына атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
25 июня 2021