Талдықорған қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

                                                                     

                                     Жоба

 

 

 

 

 

  

            Талдықорған  қаласына бірыңғай сәулеттік

            келбет беруге бағытталған, көппәтерлі

            тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын

            ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі

           іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

             қағидаларын бекіту туралы

         

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының                       1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3 бабының 2 тармағының                                11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 16-5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Талдықорған қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Талдықорған қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі ісшараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары А.А.Бегмановқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қала әкімі                                                           Ғ. Әбдрірайымов

проект НПА
Дата публикации
19 января 2021