📢 ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті кәсіпкерлер және өз ісін бастауды жоспарлап отырған азаматтар!

2026 жылғы 9 қыркүйек күні «Даму» қоры кәсіпкерлерге арналған «Ашық есік күнін» өткізеді.

📍 Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы, 36Б, «Тіл сарайы» конференц-залы

🕑 Уақыты: 14:00–17:00

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлер мен бизнес бастауды жоспарлап отырған азаматтарға «Даму» қоры жүзеге асыратын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат беру және практикалық кеңестер ұсыну.

 

Іс-шара барысында қатысушылар:

🔹 Қор мамандарынан жеке консультация ала алады;

🔹 Қолжетімді қаржыландыру бағдарламаларымен танысады;

🔹 Бизнесті кеңейту мүмкіндіктері туралы ақпарат алады;

🔹 Кәсіпкерлікті бастау және дамыту бойынша пайдалы кеңестерге ие болады.

 

🤝 Кәсібіңізді дамытуға жаңа мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз!

 

Баршаңызды «Ашық есік күніне» қатысуға шақырамыз!

Дата публикации
09 сентября 2026