Талдықорған қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «___»___________
№ ____ қаулысымен бекітілген
«Талдықорған қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері
1) жеке кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
3) туристік қызмет саласындағы үйлестіруді жүзеге асыру;
4) кәсіпкерлік қызметті қолдауды қамтамасыз ету.
Құқықтары:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына өз құзыреті шегінде мониторинг жүзеге асыруға қатысады;
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға қатысады;
3) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындауға қатысады;
4) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыруға қатысады;
5) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген компентенция шеңберінде мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп әзірлеу үшін ауданның жергілікті атқарушы органдарының басқа мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін тарту;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан,ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 455-бабының 1-тармақшасында және 204-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуге байланысты жұмыстар мен іс-шараларды жүзеге асыру;
Міндеттері:
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруға жәрдем көрсетеді;
2) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді;
3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
4) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер өткізуге бастамашылық жасау;
5) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындайды;
6) барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында бөлімнің мүдделерін білдіру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;
2) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
4) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға талдау жүргізу;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмекті ұйымдастыру;
6) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
7) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыруға қатысады;
8) қала аумағындағы туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
9) туристік ақпарат беруге, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беруге қатысады;
10) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын орындау бойынша қалалық сауда және тамақтану қызметінің жұмысын ұйымдастыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату