2026 жылғы 26 наурызда қала әкімдігі жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штабтың отырысы өтті.

2026 жылғы 26 наурызда қала әкімдігі жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штабтың отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде бір мәселе қаралды: 2025 жылы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлар.

Аталған мәселе бойынша келесі баяндамашылар сөз сөйледі:

  • Талдықорған қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Мырзаханов Ғалымжан Жетпісбайұлы;
  • Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің маманы Жақыбаева Ұлжанат Әуельханқызы;
  • «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Сағымбеков Ілияс Бижанұлы;
  • «Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Қадыров Сұңқар Сапарұлы.

Отырыс барысында қала аумағында нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, өзекті мәселелер айқындалды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер мен басым бағыттар белгіленді.

Дата публикации
16 июня 2026