ХАТТАМА
Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстың хаттамасы
04.06.2026 жыл
сағат «10.00» Талдықорған қаласы
|
Конкурстық комиссия Талдықорған қаласы әкімінің 2023 жылғы 22 тамыздағы №57-ө н/қ өкіміне сәйкес (Талдықорған қаласы әкімінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы өкімімен енгізілген өзгерістермен) келесі құрамда:
|
||
|
Конкурстық комиссия төрағасы: |
|
Қ. Сейтимбетов
|
|
Конкурстық комиссия төрағасының орынбасары: |
|
Е.Ниетбаев |
|
Конкурстық комиссия мүшелері: |
|
Е. Умирзаков
|
|
|
|
Ж.Батырбаева
|
|
|
|
С.Аманбаев
|
|
|
|
М. Қамбаров
|
|
Конкурстық комиссия хатшысы |
|
Н.Қожагелдинова
|
Күн тәртібі:
Тыңдалды: Конкурстық комиссия төрағасы Қ. Сейітімбетов:
Бүгін жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық) автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілуде. 2026 жылғы 04 мамырда Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми сайтында лот №1 бойынша маршрут №28 «Қызылтас саяжайы – Гаухар Ана көшесі- Облыстық аурухана», және лот №2 бойынша маршрут №29 «Астана даңғылы- Гаухар Ана көшесі – Шығыс өнеркәсіп аймағы» маршрутына қызмет көрсету құқығына конкурс жарияланды. 2026 жылғы 08 мамырда конкурстың алдындағы конференция өткізілді. 2026 жылғы 22 мамырда сағат 10:00-де конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталды. Белгіленген мерзімге дейін конкурсқа қатысуға екі тасымалдаушыдан өтінімдер келіп түсті: «ТКЖТК» ЖШС және «АОЖТК» ЖШС.
Тыңдалды: «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Е.К. Ниетбаев, ол өтінімдерді қарау жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлады.
Ол конкурс өткізілетін күні комиссия қатысушыларды тіркеу тізіміне сәйкес өтінімдері бар конверттерді ашып, оларды қарайтынын, конкурстық ұсыныстар белгіленген бағалау шкаласына сәйкес бағаланып, кейіннен баллдар қосындысы шығарылатынын атап өтті.
Сондай-ақ өтінімдерді қарау барысында комиссия қосымша ақпарат сұратуға құқылы екенін, ал Қағидалар талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайтынын атап өтті.
Конкурс жеңімпазы конкурстың алдындағы комиссияның қорытындысын ескере отырып, ең жоғары жиынтық балл саны негізінде айқындалатынын, ал конкурс нәтижелері белгіленген тәртіппен хаттамамен рәсімделетінін хабарлады.
Осыдан кейін конкурстық комиссия қатысушыларды тіркеу тізіміне сәйкес олардың өтінімдері мен қоса берілген құжаттары бар конверттерді кезекпен ашып, конкурстық ұсыныстарды қарады:
|
№ |
Қатысушының атауы |
Қатысушының мекен-жайы |
Басшысының аты-жөні |
|
1 |
«ТКЖТК» ЖШС |
Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қ.Есболатова көшесі 92 үй |
Аденов Дулат Оспанович |
|
2 |
«АОЖТК» ЖШС |
Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қ.Есболатова көшесі 92 үй |
Куланбай Асель Айтбайкызы. |
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген, республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, автомобиль көлігі арқылы жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерінің 180-бабына сәйкес, конкурстық комиссия шешім қабылдады:
Конкурс алдындағы комиссияның хаттамасы негізінде №1 лот бойынша «АОЖТК» ЖШС-нің автобустары өндірістік базада жоқ екендігі анықталды. №1 лот бойынша тасымалдауды жүзеге асыру үшін негізгі көлік құралдары ретінде мәлімделген «ТКЖТК» ЖШС-нің 3 автобусы оталмай, жұмыс жағдайына келтірілмеді. №2 лот бойынша «АОЖТК» ЖШС-нің автобустары өндірістік базада жоқ екендігі анықталды. №2 лот бойынша «ТКЖТК» ЖШС қатысушысының өндірістік базасы конкурстық құжаттамада және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, бұл конкурс алдындағы комиссияның хаттамасында көрсетілген тексеру нәтижелерімен расталады.
Қатысушылардың көлік құралдарының болмауы және техникалық дайындығы бөлігінде конкурс талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты конкурстық комиссия шешім қабылдады:
Конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін көлік құралдарымен тасымалдауды қамтамасыз ету мүмкіндігі қатысушылар тарапынан расталмағандықтан және конкурс алдындағы комиссияның хаттамасын негізге ала отырып, конкурсты өткізілмеді деп тану туралы шешім қабылдады.
|
Конкурстық комиссия төрағасы: |
|
Қ. Сейтимбетов
|
|
Конкурстық комиссия төрағасының орынбасары: |
|
Е.Ниетбаев |
|
Конкурстық комиссия мүшелері: |
|
Е. Умирзаков
|
|
|
|
Ж.Батырбаева
|
|
|
|
С.Аманбаев
|
|
|
|
М. Қамбаров
|
|
Конкурстық комиссия хатшысы: |
|
Н.Қожагелдинова
|