Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген, Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес, Талдықорған қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 455 қаулысы және Өтенай ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 71 шешімі негізінде, «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі коммерциялық мақсаттағы жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша ашық сауда-саттық өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Аталған сауда-саттық «E-qazyna» Мемлекеттік мүлік тізілімінің электрондық платформасы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.
Сауда-саттықты өткізу тәртібі мен шарттары туралы ақпаратты қарау, сондай-ақ оларға қатысу үшін, сілтеме бойынша өту қажет https://e-qazyna.kz.