Конкурс, «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорғанжылусервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Конкурс, «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорғанжылусервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

 

Кәсіпорынның сипаттамасы:

«Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорғанжылусервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

 

Вакансияның сипаттамасы:

Кәсіпорын директоры.

      

Білімі: Жоғары, Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары.

 

Қосымша талаптар:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы; 2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы;                        3) мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл./ 1) наличие высшего образования, соответствующего квалификационным требованиям;                            2) наличие стажа работы не менее 5 (пяти) лет по специальности на руководящих должностях в сфере деятельности предприятия, согласно общих классификаторов видов экономической деятельности, утвержденных уполномоченным органом в области технического регулирования; 3) для кандидатов на должность руководителя предприятия, являющегося государственной научной организацией, стаж работы по специальности не менее 5 (пяти) лет, при наличии степени доктора философии (PhD), доктора по профилю, кандидата наук или доктора наук, стаж работы не менее 3 (трех) лет.

 

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.04.2026 — 27.04.2026ж.

Құжаттарды қабылдау мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік кәсіпорындарға электрондық деректер базасына бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурсы арқылы қабылданады.

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

     Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде осы Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің                               2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес, 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

      Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.

      Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.

         

Әңгімелесу өткізу орны: Жетісу облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі 256,

315 кабинет.

 

Байланыстар:
Жетісу облысы Талдықорған қаласы Желтоқсан көшесі 275 ғимарат
8/7282/ 254289,  8/7282/254480, tkt_service@mail.ru.

 

 

 

 

     Мемлекеттік кәсіпорынның
басшысын тағайындау және
аттестаттау жүргізу, сондай-ақ
оның кандидатурасын
келісу қағидаларына
1-қосымша

 

 

 

Нысан

 

____________________________
(конкурс өткізу туралы шешім
қабылдаған тиісті саланың
уәкілетті органының
(жергілікті атқарушы
органның не аудандық маңызы
бар қала, ауыл, кент, ауылдық
округ әкімі аппаратының)
атауы)

Конкурсқа қатысуға өтініш

      Мені, ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

                        (кәсіпорынның атауы)

      кәсіпорнының басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Менің дербес деректерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан жинауға және өңдеуге өз келісімімді білдіремін.

      Ұсынылған құжаттардың анықтығын растаймын және көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік аламын.

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Мекен-жай _______________________________________________________

      Байланыс телефондары ______________________________________________

      e-mail: ____________________________________________________________

      ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________

      _________ _________________________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "____" _______________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 апреля 2026