
Тұрғын үй объектілерін және инженерлік-коммуникациялық желілерді салу бағыты бойынша негізгі міндеттер
Ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын кеңейту, техникалық қайта жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар енгізу, сондай-ақ аумақты үлгілік абаттандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтату, объектілерді кейіннен кәдеге жарату. Құрылыс талаптарына сәйкес инвестициялық әзірлемелерді, жобалау, ғылыми зерттеу және іздестіру жұмыстарын үйлестіру. Облыстың даму жоспарының мемлекеттік бағдарламалары мен көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау бағыты бойынша негізгі міндеттер
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) 74-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.
Бүгінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй сатып алу құқығынсыз беріледі. "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" ұғымы Заңға 2019 жылғы 6 мамырда енгізілді.
Кезекте тұрғандар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алған жағдайда, азаматтар кезектен алынады.