
Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында дәрігерлік амбулаториялар, медициналық пункттер, емханалар, перзентханалар мен ауруханалар құрылысын жүргізу.
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Облыстың мемлекеттік бағдарламалары мен даму жоспарларының көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету, жобалау алдындағы зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету, техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, Құрылыс инвестицияларын негіздеу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, объектілерді салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру, ішкі істер, спорт, коммуналдық және ауыл шаруашылығы объектілерін салу.