Мiндеттерi:
Функциялары:
1) Облыс әкімдігі айқындаған бюджеттік бағдарламалар және (немесе) жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу;
2) Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың жобасын әзірлеу және бекіту;
3) Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын айқындау;
4) Қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
5) Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыру;
6) Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы және (немесе) конкурстық құжаттаманың техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;
7) Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау;
8) Бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша конкурстық құжаттама бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу
9) Бөлім қызметі туралы хаттар мен ұсыныстарды қарау.
10) Бөлімнің құзыреті шегіне қарай Басқарманың, мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, отырыстарына, жиындарына қатысу.
11) Қызметтік міндеттерді орындау кезінде алынған ақпараттардың таралуы, сақталуы және жария етілмеуі туралы ресми ақпаратты қорғаудың барлық талаптарын орындау.
12) Басқарманың жоғары тұрған лауазымды адамдарымен өз өкілеттіктері шегінде жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
13) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.14) Барлық инстанциялардағы соттарға талапкер, жауапкер және үшінші тұлға ретінде қатысу15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.