Бөлімнің iндеттерi:
Бөлімнің функциялары:
1) Облыс әкімдігі айқындаған бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар мен қызмет атқарулар бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу;
- тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық комиссияларды құру арқылы уәкілетті орган айқындайтын тауарлар мен қызметтер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады; - уәкілетті орган айқындайтын тауарлармет қызметтер тізбесіне сәйкес, оларды жеткізу (орындау, ұсыну) орнына қарамастан, біртекті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді бір лотқа біріктіру арқылы жүзеге асырылады - тапсырыс берушінің өтініші бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне енгізілмеген тауарларды сатып алуды уәкілетті орган айқындайды, тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық комиссияларды құру жолымен, бірыңғай ұйымдастырушының келісімі бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырылады
2) Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын, тауарлар мен қызмет атқаруларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге берген тапсырманы қарау.
3) Тапсырыс берушінің веб-портал арқылы жіберген тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жоспарланған ақпаратты, сондай-ақ тауарлармен қызмет алуларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының (алдын-ала жылдық мемлекеттік сатып алу жоспары) тармақтарын қарау.
4) Конкурстық комиссияның құрамын, сараптама комиссиясының немесе сарапшының құрамын (қажет болған жағдайда) анықтау және бекіту, конкурстық комиссияның хатшысын анықтау;
5) Конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту.
6)Веб-порталда конкурстық тәсілімен тауарлармен қызмет атқарулады мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, қолданыстағы заңнамада көзделген мемлекеттік сатып алудың басқа тәсілдерін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін жариялау.
7) Веб-порталда конкурстық құжаттаманың алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттама жобасын орналастыру. Егер конкурстық құжаттамасына ескертулер мен сұраныстар болса ережелерін түсіндіру, конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру, сондай-ақ конкурстық құжаттама жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.
8) Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін веб-портал арқылы қарау, Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы, сондай-ақ конкурсқа қатысуға жіберу туралы алдын-ала хаттаманы қалыптастыру және жариялау. 9) Біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдерде ақпаратты нақтылау үшін, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жазбаша және (немесе) электрондық құжат түрінде қажетті ақпаратты сұрату. 10) Біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнімберушілердің конкурсына қатысуға өтінімдерді қайта қарау.
11) Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды айқындау, сондай-ақ конкурстық баға ұсыныстарына қатысушыларына өлшемдердің салыстырмалы мәндерін қолдану.
12) Конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім беруші анықталған қорытынды хаттаманы қалыптастыру және веб-порталға жариялау.
13) Веб-порталда конкурстық тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алуға қатысқан, әлеуетті өнім берушіге ақша түріндегі өтінімді қамтамасыз етуді заңда көзделген жағдайда кері қайтару.
14) Заңда белгіленген тәртіппен жекелеген жұмыс түрлері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.
15) Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда қарсылықты дайындау және уәкілетті орган жанындағы апелляциялық комиссияға ұсыну.
16) Аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда қарсылықты дайындау және уәкілетті орган жанындағы апелляциялық комиссияға ұсыну.
17) Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талаптарды сотқа жіберу.
18) Барлық инстанциялардағы соттарға талапкер, жауапкер және үшінші тұлға ретінде қатысу.
19) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
20) Бөлім қызметі туралы хаттар мен ұсыныстарды қарау.
21) Бөлімнің құзыреті шегіне қарай Басқарманың, мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, отырыстарына, жиындарға қатысу. 22) Қызметтік міндеттерді орындау кезінде алынған ақпараттардың таралуы, сақталуы және жария етілмеуі туралы ресми ақпаратты қорғаудың барлық талаптарын орындау. 23) Басқарманың жоғары тұрған лауазымды адамдарымен өз өкілеттіктері шегінде жүктелген басқа да міндеттерді орындау. 24) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.