2026 - 2028 жж. Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының азаматтық бюджеті

Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы Сіздерге 2026 – 2028 жж. басқарманың бюджетінің жобасы, оның қалай жоспарланатыны, және мемлекеттік қаржылардың қайда жұмсалатыны туралы ақпаратты  ұсынады. Халықаралық тәжірибеде мұндай ақпарат Азаматтық бюджет  деп аталады. Мұндай форматта ақпарат жыл сайын жариялануда. Жыл сайын, қоғамдық пікірді ескере отырып, ақпарат беру форматы түпкілікті жетілдіріліп, кезең – кезеңмен жаңартылып отырады. Біз Сіздерден ұсыныстар күтеміз.

Басқарманың штаттық  саны 12 штаттық бірліктен, 13 бірлік техникалық персоналдардан және 9 бірлік статисттен құралады. Жетісу облысы бойынша  мемлекеттік сатып алудың біріңғай ұйымдастырушысы ретінде,   Басқарманың негізгі мақсаты  мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау, мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады. Облыстың ақшалай қаржыларының уақытылы және тиімді игерілуі уақытылы өткізілген мемлекеттік сатып алуға байланысты. Басқарманың бюджеті бекітілген штаттық бірліктер негізінде қолданыстағы Заңыдылқтар мен қажеттілік нормаларына сәйкес жоспарланады. 

2026 – 2028 жылдарға 2026 -  185 904,0 мың теңге; 2027 – 191 707,0 мың теңге; 2028 – 195 918,0 мың теңге  жалпы соммамен Басқарманың бюджеті  «Мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бюджеттік бағдарламасы  бойынша жоспарланған.

Бюджеттің негізгі бөлігі қызметкерлердің еңбек ақы қоры 2026 -2028жж 122 967,0 мың теңге. Басқарманы ұстауға арналған қаражаттар (кеңсе тауарлары, байланыс қызметі, коммуналды қызметтер және басқа). 2026 – 2028 жж 62 937,0 мың теңге.

2026 - 2028 жж. Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының азаматтық бюджеті
Дата публикации
13 февраля 2026