Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының 2024 жылдың 3 тоқсанда атқарған жұмысы туралы ақпарат

2024 жылғы 3 тоқсанда жалпы сомасы 57 784,7 млн.теңгеге 314 конкурс жоспарланып, 46 115,1 млн.теңгеге 249 конкурстың қорытындысы шықты, оның ішінде:

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша, барлығы 54 928,9 млн.теңгеге 120 конкурс жоспарланып, 43 958,1 млн.теңгеге 93 конкурс бойынша қорытындылары шығарылды, оның ішінде құрылыс саласындағы жұмыстар:

- 15 денсаулық сақтау нысаны;

- 6 тұрғын үй нысаны;

- 61 инженерлік желілердің нысаны және абаттандыру;

- 2 басқа нысандар.

Сонымен қатар, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша 230,5 млн.теңге сомасына 7 конкурс жоспарланып, 187,4 млн.теңге сомасына 4 конкурсының қорытындысы шығарылды.

Құрылысқа байланысты емес жұмыстар 514,2 млн.теңге сомасына 15 конкурс жоспарланып, 363,7 млн.теңге сомасына 5 конкурсының қорытындысы шығарылды.

Қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша, барлығы 1 571,7 млн.теңгеге 101 конкурс жоспарланып, 1 210,5 млн.теңгеге барлығы 91 конкурс бойынша қорытындылары шығарылды.

Тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша, барлығы 1 284,1 млн.теңгеге 93 конкурс жоспарланып, 946,5 млн.теңгеге 65 конкурстың қорытындысы шығарылды.

 

 

 

Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының 2024 жылдың 3 тоқсанда атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
10 октября 2024