"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің
2026 жылдың 1 тоқсанына атқарылған жұмысы туралы ақпарат
Жұмыспен қамту
2026 жылдың наурызына халық саны 686,8 мың адамды құрады.
Жұмыссыз халықтың саны 14,5 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7 %.
2026 жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 19 200 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, оның ішінде 11 837 адамды тұрақты жұмыс орындарына.
2026 жылдың 1 сәуіріне 5 533 жұмыс орны құрылды (жоспардың орындалуы – 28,8%), оның ішінде 2 484 тұрақты жұмыс орны (жоспардың орындалуы – 21,0%).
Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Тұжырымдама аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүзеге асыруға 9,1 млрд. теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.
Тұжырымдама аясында 800 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарлануда, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 366,9 млн. теңге бөлінді.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында 1 145 адамды оқуға жолдау, 372,0 млн. теңгеге 215 грант беру жоспарланған.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 6 887 адамды жолдау жоспарлануда, бұл мақсаттарға 8,3 млрд. теңге бөлінді.
Атап айтқанда:
- «Жастар тәжірибесі» жобасына – 1300 түлек;
- «Күміс жас» жобасына – 605 адам;
- «Қоғамдық жұмыстар» жобасына – 4 360 адам;
- «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасына – 620 адам;
- Еңбекақыны субсидиялауға (мүгедектігі бар адамдарға жұмысқа орналастыруға арналған арнайы әлеуметтік жұмыс орындары) – 2 адам.
Сонымен қатар, enbek.kz порталы арқылы 2 450 адамды онлайн-оқытуға жолдау жоспарланған.
2026 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 5 755 адам қамтылды, 4 656 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 1 658 адам.
Жастар практикасына – 113, әлеуметтік жұмыс орындарына – 139, қоғамдық жұмыстарға – 2 552, күміс жасқа – 194, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 34, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға – 182 адам, ЭБТ порталындағы онлайн-оқытуға – 883 адам жолданды.
Әлеуметтік көмек
2026 жылдың 1 сәуір айына аз қамтылған 19,2 мың астам азаматтарға 705,4 млн.теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Оның ішінде:
- 1 отбасына 865 мың.теңге біржолғы әлеуметтік көмек төтенше жағдай немесе өрт салдарына төленді;
- 16 аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегі 13,5 млн. теңге мөлшерінде көмек төленді;
- 240 әлеуметтік мәні бар аурулармен (туберкулез, ВИЧ) ауыратын 304 азаматқа 37,9 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді;
- 1077 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға 39,8 млн. теңге мөлшерінде көмек төленді;
- 1 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет өтемақысына 38,9 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді;
- 635 ҰОС қатысушылары мен Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға мерекелік және атаулы күндерге 137,3 млн. теңгеге бір жолғы көмек төленді;
- 54 адамға Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, оларға теңестірілгендерге және тыл еңбеккерлеріне жылына бір рет қалаған санатарлы-курорттық емдеуге жолдама тегін, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес, жылына бір рет санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеуге 16 млн.теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді;
- пробация қызметі бөлімінде қоғамның оқшаулаусыз жазасын өтеушілермен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 30 азаматтарға 1,9 млн. теңге әлеуметтік көмек;
- Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) бюджеттен іс жүзінде 3468 (18265 отбасы мүшелер) отбасыға 435,5 млн.теңге төленді.
- АӘК алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі 3987 балаларына 1,5 АЕК мөлшерінде 49,8 млн. теңге төленді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы
Облыс бойынша 2026 жылғы 01 сәуіріне барлығы 25 682 мүгедек азамат тіркелген:
I топ мүгедектері - 2851;
II топ мүгедектері – 10174;
III топтағы мүгедектер – 9173;
18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 3484 адам.
Облыста әлеуметтік қызметтер порталында реестрге техникалық оңалту құралдарының 47 жеткізушісі, санаторлы-курорттық емдеудің 4 жеткізушісі, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 15 жеткізуші, 21 жеке көмекшінің, 7 ымдау тілі мамандарының жеткізушісі еңгізілген.
2026 жылғы 01 сәуіріне техникалық оңалту құралдарына мұқтаж мүгедектігі бар адамдардың саны 10056 құрайды, оның ішінде қамтылғаны 5814 адам 780,1 млн.теңге төленді. Бұл көрсеткіштің тиімділігі 57,9% (орташа республикалық көрсеткіш 53,7% - ды құрайды).
Оның ішінде көмек түрлері бойынша:
- 899 адам немесе 21% шипажай-курорттық емдеуге 218,6 млн.теңге;
- 162 адам немесе 77,2% арнайы қозғалыс құралдарға 25,6 млн.теңге;
- 366 адам немесе 53,9%- протездік-ортопедиялық бұйымдарға 24,8 млн,теңге;
- 195 бұйым немесе 74,5% тифлотехникалық құралдарға 34,2 млн.теңге;
- 111 бұйым немесе 67,5% сурдотехникалық құралдарға 11,5 млн.теңге;
- 2597 адам немесе 89,8% гигиеналық құралдарға 330,3 млн.теңге;
- 1197 адам немесе 99,6% жеке көмекшінің қызметтеріне 321,9 млн.теңге;
- 287 адам немесе 80% ымдау тілі мамандарына 31,2 млн.теңге.
Жетісу облысы бойынша жедел жоспар шеңберінде бейімделуге жататын нысандарға бейімдеу жұмыстарының жүргізілуі туралы ақпарат
Жетісу облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру мақсатында мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстары атқарылуда.
Жол картасының 26-тармағына сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылымдары қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыста 2027 жылға дейін барлығы 1120 нысанға бейімделу жұмыстары 100% жүргізіледі деп жоспарлануда.
«Қолжетімділіктің интерактивті картасы» ақпараттық жүйесіндегі (https://inva.gov.kz/) деректерге сәйкес, Жетісу облысы бойынша 1120 нысан енгізілген. 2021-2025 жылдары аралығында барлығы 948 нысан бейімделді, аяқталған нысандардың үлесі 84 % құрайды. Басқа нысандардың бейімделу жұмыстары 2027 жылға дейін жасалатын болады.
2026 жылы қалған 172 нысандардың бейімделу жұмыстарын толық аяқтау жоспарлануда. Бюджеттік өтінімдер 25 нысанға беріліп, 121,1 млн. теңге қаражат бөлінді.
2026 жылғы 01 сәуіріне 12,1 млн. теңге сомасына 65 нысан бейімделді. Соның ішінде өз қаражаты есебінен бейімделген нысандар бар.
Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін «Инватакси» қызметі туралы ақпарат
Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында облыста «Инватакси» қызметтері көрсетілуде.
«Инватакси» қызметі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 3-тармағының 2-тармақшасына және «мүгедектерді автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына» сәйкес жүргізіледі. Жетісу облысы бойынша «Инватакси» қызметін 7 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырады.
2023 жылы жергілікті бюджеттен 293,4 млн. теңге қарастырылып, 11 жаңа «Инватакси» автокөлігі аудандық (қалалық) бөлімдерге жіберілді.
Сонымен қатар, 2023 жылы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры демеушілік көмек ретінде 3 жабдықталған «Инватакси» автокөлігін берді. Нәтижесінде инватакси саны облыста 1 жылдың ішінде 2 есеге артты (20-дан 32-ге).
2026 жылы «Инватакси» қызметтерін көрсету үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 285,451 млн. теңге қаражат қарастырылды.
2026 жылғы 01 сәуіріне «Инватакси» қызметтерімен бірінші топтағы мүгедектігі бар 660 адам қамтылып, қала, аудан бойынша 24815-тен астам өтініш түсті.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты арнаулы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі - АӘҚ) көрсететін 1588 орынға арналған 13 мекеме жұмыс істейді. АӘҚ көрсету орталықтарын ұстауға 2025 жылға 6 939,0 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде: Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 350 орындық бір арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қызмет көрсетуде (340 орындық «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, 10 орын күндіз болуға арналған). 2026 жылдың 10 сәуіріне 322 адам қызмет алады.
18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге қызмет көрсететін 632 орынға арналған төрт арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар («Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 320 орындық, «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 162 орындық, «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 110 орындық, «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ - 40 орындық). 2026 жылдың 10 сәуіріне 608 адам қызмет алады.
3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға арналған 45 орындық және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған 60 орындық орталық («Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ). 2026 жылдың 10 сәуіріне 93 адам қызмет алуда.
Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 501 орындық жеті күндізгі болу орталықтары жұмыс істейді («Бәйтерек» күндізгі болу орталығы» КММ – 101 орындық, «Үміт» күндізгі болу орталығы» КММ – 55 орындық, «Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ – 60 орындық, «Сенім» күндізгі болу орталығы» КММ – 30 орындық, «Жансая» күндізгі болу орталығы - оңалту бөлімшесімен» - 50 орындық, «Мерей» балалар оңалту орталығы» КММ - 40 орындық, «Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» КММ – 165 орындық). 2026 жылдың 10 сәуіріне 416 бала қызмет алады.
Облыста үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 22 бөлімше жұмыс істейді. 2026 жылдың 10 сәуіріне 1916 адам қызметпен қамтылды. Оның ішінде: 9 бөлімшеде 680 балаға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар тұлғаларға және 13 бөлімшеде 1236 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетілді.
Облыста үкіметтік емес ұйымдармен де жұмыстар жүргізілуде.
ҮЕҰ арқылы үй жағдайында АӘҚ көрсету үшін 4 ҮЕҰ-мен шарт жасалды ("Экосистема-Алаколь" (Алаколь) ҚБ - 40, "Текелі-Көмек" (Текели) ҚБ - 30, "Алпамыс" (Қаратал) ҚБ Үштөбе филиалы -9, «Жетісу облыстық ерікті мүгедек-балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі» (Кербұлақ) - 35). 2026 жылдың 10 сәуіріне қызметпен 114 адам қамтылды.
Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында АӘҚ көрсету үшін 1 ҮЕҰ – мен ("Жан Шуақ-Жетісу" ҚБ) шарт жасалды. 2026 жылдың 10 сәуіріне арнаулы әлеуметтік қызметпен 85 адам қамтылды.
Күндізгі болу жағдайында АӘҚ көрсетуге 2 ҮЕҰ – мен "Жан Шуақ-Жетісу" МҚ, "Rakhym" жеке қайырымдылық қоры, шарттар жасалды. 2026 жылдың 10 сәуіріне қызметпен 65 адам қамтылды.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 164 001 мың теңге бөлінді (оның ішінде: 1 922 мың теңге. - РБ, 162 079 мың тг. - МБ). 2026 жылдың 10 сәуіріне 15 адам (4 әйел, 11 бала) қызмет алуда. 2026 жылдың 10 сәуіріне 555 адам қызметпен қамтылды.
«Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ әлеуметтік қызмет көрсетуге 239 143 мың теңге бөлінді (оның ішінде: 5 870 мың теңге. - РБ, 233 273 мың тг. - МБ). 2026 жылдың 10 сәуіріне 92 адам қызмет алды.
Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша
2026 жылға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі - ШЖК) тартуға арналған квота 416 бірлік санында бекітілді, оның ішінде I – санат 10 бірлік, II – санат 30 бірлік, III – санат 138 бірлік, IV – санат 38 бірлік, маусымдық жұмыстарға – 200 бірлік.
2026 жылдың 01 сәуірге шетелдік жұмыс күшін тартуға және ұзартуға 21 рұқсат берілді, оның ішінде санаттар бойынша:
III санат (мамандар) – 1 адам (0,4%);
IV санат (білікті жұмысшылар) -2 адам (0,9%);
Маусымдық жұмыстар – 1 адам (0,4%)
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 17 адам (81,0%).
Шетелдік мамандар келесі елдерден тартылды:
1.Қытай – 18.
Анықтама үшін:
2025 жылы шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі - ШЖК) тартуға арналған квота 306 бірлік санында бекітіліп, 311 (190 - корпоративішілік ауыстыру шеңберінде) рұқсат берілді.
2026 жылдың 01 сәуіріне 23 жұмыс беруші 183 ШЖК тартады, оларда 3951 қазақстандық азамат жұмыс істейді, бұл қазақстандық қамтудың 93,8% құрайды.
Жылдың басынан бері Жетісу өңіріне шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар жалпы сомасы 2,9 млн.теңге салық төлемдерін төледі.
Қазақстандағы CITIC Construction Co., LTD., филиалы (40 адам қытай азаматы, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру бойынша - 40)"Талдықорған – Қалбатау-Өскемен" Республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын іске асыруда.
Шетелдік мамандардың ең көп санын «China Railway 12th Bureau Group Co., Ltd» (Чайна Рэйлвэй 12-ти эйч Буреау Групп Со., Лтд) ЖШҚ-ның Талдықорған қаласынд ағы филиалында (Қытай азаматтарының саны 20 адам, оның корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 19).
«Alacem» (Алацем) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (Қытай азаматтарының саны 62 адам, оның корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 62) негізгі қызмет түрі қуаттылығы жылына 1,2 млн. тонна цемент өндіретін өңдеу өнеркәсібі болып табылады.
Анықтама үшін:
Экономикалық қызмет түрі бойынша тартылған шетелдік жұмыс күші: Құрылыс саласында – 89 адам (48,6%); тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 3 адам (0,1%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 3 адам (0,1%); көтерме және бөлшек сауда – 1 адам (0,05%); өңдеуші өнеркәсіп – 71 адам (38,7%); көлік және қоймаға жинау – 7 адам (0,4%); өзге де қызмет түрлерін ұсыну - 7 адам (0,4%); өнер, ойын-сауық және демалыс – 1 адам (0,05%), электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, ауаны баптау – 1 адам (0,05%).
|
2026 жылдың 01 сәуіріне қолданыстағы рұқсаттар шығу елдері бойынша Барлығы – 21 бірлік: |
2026 жылдың 01 сәуіріне шығу елдер бойынша тартуға және ұзартуға берілген рұқсаттар Барлығы – 183 бірлік: |
|
1.Қытай – 18 адам (87,5%); 2.Тайланд – 2 адам (0,1%); 3.Өзбекстан – 1 адам (0,05%); |
1.Қытай – 167 адам (91,2%); 2. Өзбекстан – 3 адам (0,01%); 3. Украина - 4 адам (0,2%); 4. Туркия - 1 адам (0,05%); 5. Сербия - 1 адам (0,05%). 6. Тайланд - 6 адам (0,3%). 7. Молдова - 1 адам (0,05%). |
Жеке тұлғаларға еңбекке тартуға арналған иммигранттар
2026 жылы облыс бойынша еңбекші иммигранттарды тартуға арналған квота 8000 бірлік көлемінде бекітілген.
2026 жылдың 02 сәуіріне облыс аумағында 1495 еңбекші иммигранттар еңбек қызметін жүзеге асыруда.
Олардың ең көп саны Талдықорған қаласында – 828 адам, Панфилов ауданында – 407, Алакөл ауданында – 88 адам (бұдан әрі аудандар бойынша – Кербұлақ – 61, Қаратал – 25, Ескелді –23, , Көксу – 22, Сарқан -20, Ақсу –16, Текелі -5,).
Шығу елдері бойынша тартылғандар:
Бұдан бөлек, бүгінгі күні облыс аумағына еңбекші көшіп келушілерді тарту үшін 1495 рұқсат берілді, салық алымдарының сомасы 80,3 млн.теңгені құрайды.
Анықтама үшін:
2025 жылы облыс бойынша еңбекші иммигранттарды тартуға арналған квота 8500 бірлік көлемінде бекітіліп 8500 еңбекші иммигранттар еңбек қызметін жүзеге асырды.
«Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі №329-Ө-М бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес көрсетіледі.
Қандас мәртебесін беру бойынша мемлекеттік қызметі 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Жетісу облысы пилоттық режимде «migration.enbek.kz» мобильді қосымша немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы беріледі.
Оңайлатылған тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында қандас мәртебесін ұзарту «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
2026 жылғы 1 сәуірдегі 303 этникалық қазаққа (168 отбасы) «қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- 296 этникалық қазаққа (163 отбасы) «қандас» мәртебесі берілді,
- 7 этникалық қазаққа (5 отбасы) қандас мәртебесі ұзартылды.
Олардың ішінде елдер бойынша:
Қытай – 272 адам (145 отбасы);
Өзбекстан – 23 адам (17 отбасы);
Азаматтығы жоқ адам ЛБГ – 1 адам (1 отбасы).
Басқарма басшысы Е. Мизамбаев
Л. Нысанкулова
Ж. Абишев
А. Саутбеков
А. Абжалиева
Орын.: Ж. Алкан Тел.: 8 (7282) 329261