Қандас мәртебесін беруге қатысты хабарлама

 

        2026 жылғы 17 ақпанға дейін этникалық қазақтарға «Қандас» мәртебесін беру ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығымен бекітілген «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағида) қағидамен реттелген.

        2026 жылғы 30 қаңтардағы министірліктердің бірлескен бұйрығына сәйкес (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің №41, ҚР Ішкі істер министрлігінің №60 және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің №47 бұйрықтары), «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

        Пилоттық жоба 2026 жылғы 16 ақпаннан бастап жұмыс жасайды.

        Осыған сәйкес, ҚР-на тұрақты тұруға келген шетел азаматтары және «Қандас» мәртебесін алуға ниет білдірген этникалық қазақтар келесі рәсімдерден өтеді:

  1. Қазақ тілін меңгергінін анықтайтын тестілеу;
  2. Көшіп келушілердің сауалнама толтыруы (жеке деректер, паспорт деректері, байланыс мәліметтері, білімі, жолсапар мәліметтері, денсаулығы, құқық бұзушылықтар, жұмыс тәжірибесі, әскери міндеті, туыстары туралы ақпараттарды ұсынады);
  3. Әңгімелесу (егер шетел азаматы шетелден тапсырған жағдайда шетелдегі Қазақстан өкілдігі өткізеді, ал егер шетел азаматы Қазақстан аумағында тапсырса жергілікті атқарушы орган өткізеді).

          Жоғарыда көрсетілген талаптарды толық орындаған жағдайда:

  • шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш бере алады;
  • «Қандас» мәртебесін алуға ниет білдірген этникалық қазақтар мәртебе алу үшін құжаттарын тапсырады.

«Қандас» мәртебесі тек ҚР-ның Үкіметі айқындаған қабылдаушы өңірлерде беріледі (Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары).

Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, пилоттық жобаның іске қосылуына сәйкес, 2026 жылғы 17 ақпаннан Жетісу облысы аумағында «Қандас» мәртебесін алуға ниет білдірген этникалық қазақтардың өтініштерін қабылдау тоқтатылғандығын хабарлайды.

Дата публикации
17 февраля 2026