"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің
2022 жылдың 1 қазанына жұмысы туралы ақпарат
Жұмыспен қамту
2022 жылы Жетісу облысы бойынша 26176 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде 12911 тұрақты жұмыс орны.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына22 358жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 278 тұрақты жұмыс орны.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы бекітілді. Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық белсенді шаралары қарастырылған.
Ұлттық жобаны іске асыру үшін 7,2 млрд.теңге бөлу көзделген (РБ – 1181,6 млн. теңге, ҰФ – 5087,1 млн. теңге, ЖБ – 959,4 млн. теңге).
Ұлттық жоба аясында 1 айдан 6 айға дейінгі оқу мерзімімен 1220 орта жастағы адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарлануда, бұл мақсатқа 328,3 млн.теңге бөлінді.
Облыс бойынша «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде 1340 адамды оқыту, 871,4 млн.теңге сома мөлшерінде 884 грант беру көзделген.
Ағымдағы жылы 8367 адамды уақытша жұмыспен қамтылатын болады, оған 6,0 млрд. теңге көзделген. Оның ішінде:
- әлеуметтік жұмыс орындарына - 460 адам;
- еңбекақыны субсидиялауға (мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы әлеуметтік жұмыс орындары) - 2 адам;
- жастар тәжірибесіне - 830 түлек;
- қоғамдық жұмыстарға - 6690 адам;
- алғашқы жұмыс орнына - 122 адам;
- ұрпақтар келісімшартына - 32 адам;
- күміс жасқа – 231 адам;
Сонымен қатар, 1380 адамды enbek.kz порталы арқылы онлайн оқыту жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 21935 адам қамтылды, 16039 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 7265 адам тұрақты жұмыс орындарына.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 1159 адам, «Бастау Бизнес» жобасына – 3177, жастар практикасына – 845, әлеуметтік жұмыс орындарына – 537, қоғамдық жұмыстарға – 6996, алғашқы жұмыс орнына – 145, ұрпақтар келісімшартына – 35, күміс жасқа – 216 адам, enbek.kz порталы арқылы онлайн оқыту – 1241 адам, 319 адамға грант берілді.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам жолданды.
Әлеуметтік көмек
2022 жылдың 1 қазанына аз қамтылған 63,5 мың астам азаматтарға 3,5 млрд. теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Оның ішінде:
- 591 отбасына 39,8 млн. теңге мөлшерінде тұрғын үй көмегі төленді;
-үйде тәрбиеленетін және оқитын 635 мүгедек балаға 24,3 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді;
- әлеуметтік мәні бар аурулармен (туберкулез, ВИЧ) ауыратын 388 азаматқа 31,5 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді;
- 10 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет өтемақысына 797,4мың. көлемінде әлеуметтік көмек төленді;
- 3795 ҰОС қатысушылары мен Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға мерекелік және атаулы күндерге 206,5 млн. теңгеге бір жолғы көмек төленді;
Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) бюджеттен 4,7 млрд.теңге бөлінді, іс жүзінде 7553 отбасына 2,5 млрд. теңгеге АӘК төленді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы
2022 жылымүгедектердіоңалтуға 3,6 млрд. Теңгебөлінді, оныңішінде3,8 млрд.теңгежеке оңалту қызметі (ЖБ – 2,4 млн. теңге, РБ – 1,2 млн. теңге).
Облысбойынша 2022 жылдың 1 қазанына барлығы 25798 мүгедек азамат тіркелген:
I топ мүгедектері–2473;
II топ мүгедектері – 10748;
III топтағымүгедектер –9364.
18 жасқадейінгімүгедектігі бар балалар - 3213 адам.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтер "әлеуметтік қызметтер порталы" арқылы көрсетіледі.
Облыста әлеуметтік қызметтер порталында реестрге техникалық оңалту құралдарының 13 жеткізушісі, санаторий-курорттық емдеудің 6 жеткізушісі, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 21 жеткізуші, 1730 жеке көмекші, 69 ымдау тілі маманы енгізілген.
2022 жылғы 1 қазанына техникалық оңалту құралдарына мұқтаж мүгедек адамдардың саны 12551 құрайды, 10441 тапсырыс берілді, бұл 83,2 % - дықұрайды (орташа республикалық көрсеткіш 62,4% - ды құрайды).
Оның ішінде көмек түрлері бойынша:
- шипажай-курорттық емдеумен 1685 адам немесе 61,9 % ;
- арнайы қозғалыс құралдарымен 536 адам немесе 88,3 % ;
- протездік-ортопедиялық бұйымдармен 1476 бұйым немесе 70,2 %;
- тифло техникалық құралдармен 402 бұйым немесе 86,3 % ;
- сурдотехникалыққұралдармен492 бұйым немесе85,7% ;
- гигиеналыққұралдармен4365 бұйым немесе95,8% ;
- жекекөмекшініңқызметтерімен1186 адамнемесе100%;
- ымдаутілімамандары299адамнемесе98,7 %;
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі - АӘҚ) көрсететін 1357 орынға арналған 10 мекеме жұмыс істейді. АӘҚ көрсету орталықтарын ұстауға 2022 жылға 1 132,9 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде: Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 350 орындық бір арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қызмет көрсетуде (350 орындық «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, оның ішінде 30 орын күндіз болуға арналған). 2022 жылдың 1 қазанға 317 адам қызметпен қамтылды.
18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге қызмет көрсететін 627 орынға арналған төрт арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар («Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 320 орындық, «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 157 орындық, «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 110 орындық, «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ - 40 орындық). 2022 жылдың 1 қазанға 626 адам қызмет алды.
Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған 130 орындық бір арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар (130 орындық «Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ). Аталған мекемелерде 2022 жылдың 1 қазанға 65 мүгедек бала қызметпен қамтылды.
Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 250 орындық төрт күндізгі болу орталықтары жұмыс істейді («Бәйтерек» күндізгі болу орталығы» КММ – 90 орындық, «Үміт» күндізгі болу орталығы» КММ – 40 орындық, «Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ – 90 орындық, «Сенім» күндізгі болу орталығы» КММ – 30 орындық). 2022 жылдың 1 қазанға 110 мүгедек бала арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды.
Облыста үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 24 бөлімше жұмыс істейді. 2022 жылдың 1 қазанға 1926 адам қызметпен камтылды. Оның ішінде: 11 бөлімшеде 697 балаға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар тұлғаларға және 13 бөлімшеде 1229 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетілді.
Облыста үкіметтік емес ұйымдармен де жұмыстар жүргізілуде. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін бюджеттен 111 адамға 44 455,0 мың теңге бөлінді. 5 ҮЕҰ- мен келісім-шарт жасалды. 2022 жылдың 1 қазанға 127 адам қызметпен қамтылды.
Стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін бюджеттен 50 адамға 119 008,0 мың теңге бөлінді. 1 ҮЕҰ- мен келісім-шарт жасалды. 2022 жылдың 1 қазанға 65 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды.
Күндізгі болу жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 112 адамға 132 736,0 мың теңге көзделген (1 көрсетілетін қызметті алушының құны 5 746 теңге). Бүгінде 4 ҮЕҰ-мен келісім-шарт жасалды. 2022 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша қызметтермен 107 адам қамтылған.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 74,562 мың теңге бөлінді (оның ішінде: 25 626 мың теңге. - РБ, 48 926 мың тг. - МБ). 2022 жылдың 1 қазанға 10 адам (3 – әйел, 7 – бала) қызмет алды.
«Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ әлеуметтік қызмет көрсетуге 175 532 мың теңге бөлінді (оның ішінде: 40 206 мың теңге. - РБ, 135 326 мың тг. - МБ). 2022 жылдың 1 қазанға 60 адам қызмет алды.
Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша
"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" мемлекеттік қызмет www.egov.kz, www.elіcense "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат облысқа бөлінген квота шегінде беріледі.
2022 жылға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 43 бұйрығымен бөлінген квота мөлшері – 2280 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 98, ІІ санат бойынша - 757, ІІІ санат бойынша – 1001, ІV санат бойынша - 118 және маусымдық жұмыстарға – 306 бірлікті құрайды.
2022 жылдың 1 қазанына берілген, ұзартылған, қайта рәсімделген рұқсаттардың саны - 635, оның ішінде І санат бойынша -9, ІІ санат бойынша – 87, ІІІ санат бойынша - 127, IV санат бойынша – 1, маусымдық жұмыстарға- 232 және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде -179 бірлік.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы 89 мекеме мен кәсіпорында 936 шетелдік және 12522 қазақстандық азамат еңбек етуде.
Тұрғылықты тұру үшін келген оралмандарға «қандас»
мәртебесін беру немесе ұзарту
Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 22 шілдесіндегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бекітілген бұйрығымен шетелден келген этникалық қазақ ұлт өкілдеріне «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Облыс аумағына 1991 жылдан 2021 жылдар аралығында 218677 этникалық қазақтарға (72310 отбасы) «қандас» мәртебесі берілді.
2022 жылдың 1 қаңтарынан 30 қыркүйегі аралығында 280 этникалық қазақтарға (191 отбасына) «қандас» мәртебесі беріліп, оның 100 пайызы Жетісу облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы берілді.
Оның ішінде:
- Өзбекстаннан 33 адам (21 отбасы);
- Қытайдан 233 адам (158 отбасы);
- Монғолиядан 20 адам (9 отбасы);
- Ресейден 4 адам (3 отбасы).
Жоғарыдағы көрсетілген нормативтік-құқықтық актілердің сәйкес этникалық қазақтар қандас мәртебесін ұзарту үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алып, бұрын алған қандас мәртебесінің мерзімі тоқтатылған күннен кейін 6 ай мерзім ішінде өтініш берулері қажет. ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 21 - бабы 2-тармағына сәйкес қандас мәртебесін ұзарту 6 (алты) айдан аспауы тиіс, өтініш білдірген 124 этникалық қазаққа «қандас» мәртебесі ұзартылды.
Қандас мертебесін беру немесе ұзарту мемлекеттік қызметтерді облыстық басқарма арқылы жүзеге асыру барысында аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарымен қарым-қатынас жасамайды.
Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының балансында тұрған қандастарды уақытша орналастыру орталығына арналған екі пәтер бар.
Басқарма тарапынан қоныс аударған этникалық қазақтарды уақытша орналастыру, бейімдеу және ықпалдастыруға барлық мүмкіндіктер жасалған, аталған пәтерлер күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар және жиһаздармен жабдықталған.
2022 жылғы 1 қазанына Жетісу облысынан солтүстік-шығыс өңірлерге жалпы саны 336 адамнан тұратын 100 отбасы өз бетінше қоныс аударды. Оның ішінде:
- Солтүстік Қазақстан облысында - 12 отбасы (40 адам);
- Павлодар облысында - 54 отбасы (173 адам);
- Қостанай облысында - 7 отбасы (27 адам);
- Шығыс Қазақстан облысында - 20 отбасы (69 адам).
Соның ішінде, Солтүстік-шығыс өңірлерге қоныс аударған 100 отбасының ішінен 41 отбасы (149 адам) этникалық қазақтар.
(Солтүстік Қазақстан облысы – 3 отбасы (13 адам), Павлодар облысы – 27 отбасы (100 адам), Шығыс Қазақстан облысы - 11 отбасы (36 адам)).
Облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының мәліметі бойынша азаматтарға келесідей Қазақстан Республикасының азаматтығы:
- 2005 жылы 192 адамға;
- 2016 жылы 2511 адамға;
- 2018 жылы 9831 адамға;
- 2019 жылы 4770 адамға;
- 2020 жылы 10876 адамға;
- 2021 жылы 6718 адамға:
- 2022 жылдың 1 қазанына 4688 адамға берілді.