Ереже

«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

мемлекеттік қызмет көрсету және әлеуметтік әріптестік бөлімінің

 Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету және әлеуметтік әріптестік бөлімі, (бұдан әрі-бөлім) Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент пен Үкіметтің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті: өз құзіреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға «халықтың көші-қоны туралы» заң талаптары бойынша көші-қон үрдісі негізінде ұсыныстар даярлау;

2) этникалық  қазақтардың қандас мәртебесін алуға өздері келіп тапсырған немесе Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған өтініштерін қабылдау;

3) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдау;

4) қандас куәліктерін 4 (бес) жұмыс күн ішінде беру;

5) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тоқсандық, жылдық есептерді көрсетілген мерзімде беру;

6) бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша алқа, кеңес, жиындарға материалдар дайындау;

7) этникалық қазақтардың қандастарды уақытша орналастыру орталығына берген өтініштерін қабылдау, орналасуларына жолдама беру жұмыстарын ұйымдастыру.

  1. Міндеті: қандастарды уақытша орналастыру орталығының қызметін ұйымдастыру.

Функциялары:

1) этникалық қазақтардан қандастарды уақытша орналастыру орталығына жолдамамен келген адамдарды қабылдауды ұйымдастыру;

2)  уақытша орналастыру орталығына қандастарды орналастыру оларға бөлмелерін және ондағы мүлік заттарды өткізіп беру, кететін уақыттарында олыққанды өткізіп алуды;

3) орталықтың тазалығын, көрпе жастық жабдықтарының уақытылы

ауыстырылуын тұрақты қадағалап отыруын ұйымдастыру;

4) орталықтың мемлекеттік мүліктері ондағы есептегі материалдық зат

тауарлардың пайдаланылуы мен сақталуын қамтамасыз ету;

 5) орталықтың құзырына жататын мәселер бойынша ұсыныс, ақпарат пен  мәліметтерді уақытында әзірлеуді ұйымдастыру.

  1. Міндеті: шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруде ішкі еңбек рыногын қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу.

Функциялары:

1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді енгізу;

2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруді және (немесе) ұзартуды, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұруды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары туралы жұмыс берушілерді хабардар етіп отыру;

4) жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал етуге бағытталған көпшілік шараларды, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін, қоғамдық акцияларды өткізуге қатысу;

5) шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша жұмыс берушілер үшін дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру;

        6) басқарманың интернет-ресурсында бөлім қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілерді орналастыру;

        7) бөлім қызметінің бағыттары бойынша жұмысты үйлестіру, халықтың еңбек көші-қоны мәселесі бойынша аудандық және қалалық уәкілетті органдарға әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсету.

  1. Міндеті: өз құзіреті шегінде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

  • пана іздеген тұлғаларға куәлік беру;

2) босқын мәртебесін беру, ұзарту, тоқтату немесе айыру бойынша шешім қабылдау;

3) босқын мәртебесін беру;

4) босқын мәртебесін беруге, ұзартуға немесе тоқтату бойынша басқа да функцияларын жүзеге асыру;

  1. Жергілікті жұмыспен қамту органдарының еңбекші мигранттарына рұқсаттар беру жөніндегі жұмысын үйлестіреді.

 

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет және көші-қон саласындағы заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды басқарманын құзіреті шегінде іске асырады.
  2. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау.
  3. Пана іздеген адамның куәлігін береді.
  4. Босқын куәлігін береді.
  5. Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату туралы шешім қабылдау.
  6. Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру.
  7. Пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастырады және ай сайын уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жібереді.
  8. Бөлімге оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
  9. Құқықтары мен міндеттері

        Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін:

       1) қандас мәртебесін беру қағидалары, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сай келмеген және құжаттарының дәйексіздігі анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі баптарының талаптарына сәйкес, өтініш иесіне Мемлекеттік корпорацияның мүмкіндіктері арқылы себептерін түсіндіре отырып, қандас мәртебесін беруден бас тарту.

         2) Заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

         3) бөлім жұмысын жақсартуға жағдай жасайтын жаңа алдыңғы қатарлы әдістер мен нысандарды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

         4) бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша ұйымдар мен кәсіпорындарға, басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне консультациялық көмек көрсетеді, кеңестер мен семинарлар өткізеді;

         5) қызметін үйлестіруді жүзеге асыру үшін және бөлім қызметіне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерде көрсетілген дәйектерді қарастыру үшін аудандық, қалалық бөлімдер мен басқарма қарамағындағы ұйымдарға шығады;

          6) бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда мүддесін білдіру құқығы беріледі.

         7) бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүддесін білдіру құқығы беріледі.

           8) уақытша орналастыру орталығына орналасқан қандастар уақытша орналасу қағидаларын орындамаған жағдайда оларды уақытынан бұрын шығаруға, материалдық шығын келтірсе төлетіп алуға немесе орнына келтіріп жасатуға;

         9) орталықтың көрсететін қызметі мен ережесі техникалық ахаулар болған кезде бірден бөлім басшысына немесе басқарма басшыларына дер кезінде хабарлауға.

Дата публикации
16 августа 2022