
Халықты жұмыспен қамту бөлімі функцияларына Жетісу облысының еңбек ұтқырлығы орталығының, олардың филиалдарының аудандық және қалалық мансап орталықтарының жұмысын үйлестіру кіреді.
Сондай-ақ, тұрақты және уақытша жұмыс орындарына (субсидияланған жұмыс орындарына) жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мәселелерін үйлестіреді. Атап айтқанда, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға бағытталған келесі жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар атқарады:
- жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты», «Алғашқы жұмыс орны» жобасы;
- 50 жастан асқан адамдарды жұмысқа орналастыруға бағытталған «Күміс жас» жобасы;
- әртүрлі санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін «Қоғамдық жұмыстар» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы;
- мүгедектігі бар адамдар үшін «Мүгедектігі бар адамдар үшін жалақыны ішінара субсидиялау» жобасы;
- халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 400 АЕК мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттар беру;
- жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін сыйақы мөлшерлемесі 2,5% 5,0 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген микрокредиттер беру;
- жұмысқа орналасу және жаңа мамандық алу үшін жұмыссыздарды кәсіптік қысқа мерзімді оқытуға жолдау;
- жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында Жетісу облысынан еліміздің Солтүстік-шығыс өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуды ұйымдастыру.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрiнде тағайындалады.
Сөзсiз ақшалай көмек келесi тұлғаларға көрсетiледi:
1) келесi себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатысуға мүмкiндiктерi шектеулi жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға:
- зейнеткерлiк жасқа жетуiне орай;
- 1 және 2-топтағы мүгедек болып табылса; -екi айдан астам мерзiмге уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн ауруы бар болса.
2) барлық еңбекке қабiлеттi мүшелерi 1 немесе 2-топтағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екi айдан астам уақытқа уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн аурулары бар және (немесе) жетi жасқа дейiнгi балаға, мүгедек-балаға, 1 немесе 2-топтағы мүгедекке, қарт адамға күтiмдi жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға. Ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленедi. Көмектi алуға құқық тоқсан сайын келесi мәлiметтердi ұсыну арқылы расталады:
- отбасы мүшелерiнiң алған табыстары туралы;
- отбасы құрамы туралы.
Негiзделген ақшалай көмек — жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабiлеттi адамдарға, оған қоса жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтiк бейiмдеу шараларына қатысу шартымен құрамында еңбекке қабiлеттi мүшесi (мүшелерi) бар аз қамтылған отбасыларға көрсетiледi. 6 айға ұзарту мүмкiндiгiмен тағы 6 айға дейiн тағайындалады. Тағайындаудың мiндеттi шарты болып:
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және (немесе) бейiмдеу бағдарламаларында қатысу бойынша тараптардың мiндеттемелерi көрсетiлетiн әлеуметтiк келiсiмшарт жасасу;
- аз қамтылған отбасылардағы еңбекке қабiлеттi мүшелердiң жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына қатысуы.
Аз қамтылған отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерi Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде оқу шығыстарын төлеу, әлеуметтiк еңбек орындарындағы жалақының 35%-ын субсидиялау, оқу орындары түлектерiне арналған жастар тәжiрибесiн төлеу немесе жеңiлдiк шарттар қарастырылған микрокредит түрiнде мемлекеттiк қолдау ала алады.