
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
Облыс бойынша 1551 орынға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 13 мекеме жұмыс істейді. Онда қызмет көрсететін персонал саны 1451,5 адамды құрайды.
Орталықтарда әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсетіледі.
Облыста аудандық, қалалық жұмыспен қамту бөлімдері арқылы психоневрологиялық аурулары бар балалар мен 18 жастан асқан адамдарға, жалғызілікті және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 24 бөлімше жұмыс істейді. 2023 жылы бөлімшелерде 2292 адам қызмет алды.