Сарқандықтар елдігіміздің айбары саналатын рәміздер күнін ерекше салтанатпен атап өтті

Сарқандықтар елдігіміздің айбары саналатын рәміздер күнін ерекше салтанатпен атап өтті
Салтанатты шара Мұхаметжан Тынышбаев атындағы орталық алаңында ұйымдастырылып, тәуелсіздігіміздің тұмары саналатын рәміздерімізді ұлықтауға арналған шараға аудан басшысы Ғалымжан Қанатұлы бастаған өңір зиялы қауым, ардагерлер, мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
 
Мерекелік шара Мемлекеттік Гимнді орындаудан басталып, өнерпаздардың орындауындағы патриоттық әндерге ұласты.
 
Бұдан бөлек, аудан көлемінде "Рәміздерім мақтанышым" тақырыбында әртүрлі челендждер мен спорттық ойындар ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлауда.
 
Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін!