Акимат Саркан

Меню

Страницы

Статья

Жеке зейнетақы жоспары¬¬ – жаңа ұрпақтың тренді

24 қыркүйек күні «БЖЗҚ» АҚ «Жеке зейнетақы жоспары­­ – жаңа ұрпақтың тренді» атты тақырыпта «Ашық есік күнін» онлайн-форматта өткізеді.  

Алдағы іс-шараның басты мақсаты зейнетақы жинақтары саласындағы, атап айтқанда, зейнетақы жарналарының тұрақтылығы мен зейнетақы капиталын қалыптастырудағы халықтың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

БЖЗҚ қызметкерлері басқа елдер мен жаһандық трендтерді мысалға ала отырып, ғаламшар халқының қартаю тақырыбының қаншалықты өткір екендігін және қамсыз қарттық үшін өзіңізге қомақты төлем жасаудың қаншалықты маңызды екенін баяндап береді.

Іс-шараның қонақтары болып табылатын колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ, 25 жасқа дейінгі жастар өз болашақтарын бүгіннен бастап жоспарлаудың қаншалықты маңызды екендігіне жеке бас мысалдары арқылы көз жеткізе алады.

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 24 қыркүйек күні өтеді (10.00). Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек(https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ebaaf44cf953b39780fab2fbb1933393e). Содан кейін event-мәжіліс нөмірін (25113633147) және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: (24092021).

 

 

Дата публикации
21 сентября 2021
Дата обновления
21 сентября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
17 июля 2026

Социальные медиа

Instagram
Вконтакте
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы