
Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы бағытында жұмыстар атқарады. Мал шаруашылығы бойынша малдарды асылдандыру, оның сапасы мен өнімділігін жақсарту, мал басын өсіру жұмыстары атқарылады. Өсімдік шаруашылығы бойынша себілетін дәнді дақылдар, майлы дақылдар, қант қызылшасы және басқа да дақылдардың түрлері бойынша алынатын өнім көлемін арттыру, тыңайтқыштардың (органикалық) құнын субсидиялау, әр түрлі бағытта жүргізілетін іс-шараларға талдау жүргізеді. Ауыл шаруашылық тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, жүргізу құқығына куәліктер беру, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу және арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік номерлік белгі беру туралы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.