
«Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келесі жұмыстар жүргізіледі: театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру, жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізуді жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізу, бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау, өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.