Акимат Саркан

Меню

Страницы

Статья

25 қазан – Республика күніне арналған құттықтау сөз

25 қазан – Республика күніне арналған құттықтау сөз

 Құрметті Сарқандықтар!

Ардақты ағайын!

 Сіздерді Тұғыры биік Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

 Мемлекеттін егемендігі туралы Декларация сонау, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен қабылданып, дәл осы күні еліміздің егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері бекітілді.

Осы декларацияның арқасында Қазақстан кеңестік заңдарды қолданудан бас тартып, өз Ата заңымызды құруға қадам басты.

Алғаш рет ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта өрлеу мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді.

Құжатта саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өз бетінше шешу принципі жарияланды.  Қазақстан өзінің ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын құру құқығын алды. Ал мемлекет басшысы, әкімшілік-атқарушы жоғарғы биліктің басшысы болып танылды.

Егемен Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады.

Қабылданған декларация Қазақстан тәуелсіздігінің іргетасы болып саналады. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі және мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді.

Елдің еңсесі көтеріліп, рухы жаңғырды. Жаңа астана бой түзеп, бейбітшілік бесігі ретінде танылды.

Халықтың өмір сүру сапасы жақсарып, әлеуметтік саясат басым бағыттың біріне айналды.

Жастар үшін білім алудың көкжиегі кеңейді. Қоғамда тұрақтылық пен келісім қамтамасыз етілді.

Жетісу облысының ірі аймағының бірі – Саялы Сарқан өңірі де осы 32 жылдың ішінде өркендеп өсіп, аудан жұртшылығының қуатын арттыруға зор үлесін қосып келеді.

Халықтың тұрмыс сапасын жақсартудың арқасында аудан тұрғындарының саны бүгінге     40 мыңнан асып отыр.

Оның ішінде 16 – ға жуық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бұл – біз үшін өте үлкен қуаныш.

Дорогие земляки!

Уважаемые друзья!

От всей души поздравляю вас с главным национальным праздником страны «Днем Республики Казахстан».

 Именно в этот день 1990 году был принят документ о суверенитете Казахской Советской Социалистической Республики то есть о самостоятельности нашей Республики. Это особый праздник в календаре наших знаменательных дат.

День 25 октября 1990 года стал началом летописи истории независимого, демократического, светского и правового государства – Республики Казахстан.

В первые, самые трудные годы становления нового государства были определены первоочередные задачи - повышение уровня образования, благосостояния казахстанцев и создание стратегического резерва.

Эти задачи являются ключевыми в государственной политике и сегодня.

За короткий по историческим меркам период мы прошли путь, равный столетиям.

Мы завоевали и укрепили свои позиции на мировой арене, стали государством со стремительно развивающейся экономикой.

Благодаря этому на сегодняшний день в нашем районе активно строятся многоэтажные жилые дома, создаются новые рабочие места, открываются социальные объекты.

Но самое главное - мы и наши дети живем в мире и согласии, являясь примером единства народа для многих стран мира.

Сегодняшние условия современности с ее тревожными вызовами требуют от нас особой сплоченности и проявления мудрости и взаимоуважения.

Я уверен, что мы с вами совместными усилиями и своими достижениями, укрепим и приумножим достижения нашего района своим созидательным трудом!

Уважаемые Сарканцы!

 В преддверии этого праздника желаю вам крепкого здоровья, большого счастья и дальнейших успехов в каждом вашем благородном деле. Пусть удача сопутствует Вам во всех Ваших начинаниях.

 Құрметті жерлестер!

 Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Еліміздің мәртебесін биіктетіп, әлемге шарықтай беруіне адал еңбек етіп, халқымыздың дәулетін, жеріміздің сәулетін арттыру жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!

Еліміздің көк аспандай тұнық Байрағы асқақтай желбіреп, келешегі көркейе берсін!

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні әр отбасыға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін.

 Еліміздің мерейін асқақтатқан Ұлттық Мерекеміз – Республика күні құтты болсын!

Дата публикации
24 октября 2022
Дата обновления
24 октября 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
17 июля 2026

Социальные медиа

Instagram
Вконтакте
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы