
Құрметті қауым!
Құрметті агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Елдігімізді еселеп, бірлігімізді нығайтқан Тәуелсіздік жылдары ішінде ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттік қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтерілді. Ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізіп, сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – мемлекеттің басты міндеті» деген болатын.
Сарқан жері – ауыл шаруашылығын дамытуда жоғары деңгейімен танымал, осы саладағы әлеуеті зор өңір.
Біздегі табиғаттың байлығы: құнарлы жер, өзен-көлдер, мал мен құс, ірі шаруа қожалықтары, қайта өңдеу кәсіпорындары, ең бастысы – еңбекқор адамдарымыз бар.
Бүгінгі күнге ауыл шаруашылық бағыты бойынша 1 600-ден астам шаруа қожалықтары жұмыс істеуде.
Ауданымызда бүгінгі күнге аграрлық секторда 67 млрд. 700 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 130% құрады.
Аудан бойынша 98 300 гектар жерге егін себіліп, дәнді дақылдардан 150,0 мың тонна, майлы дақылдардан 50,1 мың тонна өнім алынды.
Қажырлы еңбек түбі береке мен ырыс екенін дәлелдеп, дәнді дақылдар бойынша «Алима Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаздық арпадан 35 центнерден, жүгеріден 80 центнерден, «Душкин» шаруа қожалығы жаздық арпадан гектарына 40 центнерден өнім алды. «Сайранбек Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаздық бидайдан 48 центнерден, «Нуралан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүгеріден 70 центнерден өнім алды.
Қант қызылшасының өнімділігін арттыруға, өз үлестірін қосқан «Самал» шаруа қожалығы 844 центнерден, «Абылкасымов Б» шаруа қожалығы 700 центнерден, «Муханов» шаруа қожалығы 600 центнерден, «Алмалы» сервистік дайындау орталығы 700 центнерден, «Полухин» шаруа қожалығы 500 центнерден, өнім алған диқандарымыздың еңбегін зор құрметпен айтып өткен жөн.
Одан бөлек тірі салмақтағы мал мен құс еті 14 100 тоннаға, сүт 42 700 тоннаға өндіріліп, жылдық жоспар орындалды.
Аудан бойынша Ресей, Германия, Тәжікстан және Қырғыстан мемлекеттеріне дәрілік шөптер, дәнді дақылдар өнімінен: тары, жаздық арпа өнімдері барлығы 728,1 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды.
Қазір – заманауи техника мен технология заманы. Осыған байланысты, жаңа да қуатты техникалар алуға күш салып жатырмыз.
Биылғы жылы аудан бойынша ауыл 3 млрд. 131 млн. теңгеге 127 дана әр түрлі ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру мақсатында ағымдағы жылы Тәуке және Ащылы-өзек арналарына күрделі жөндеуге 1 млрд. 544 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сумен қамтамасыз ету үшін 10 ішкі шаруашылық арнасын механикалық тазалау жұмыстарына 206,9 млн.теңге қаражат бөлінді.
Одан бөлек 2025 жылға 4 млрд.теңгеге дейін бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ:
Алмалы ауылдық округінде «Бекішов» шаруа қожалығы 66 басқа арналған тауарлы сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр, бүгінгі күнге 66 бас Голштин асыл тұқымды ірі қара малын сатып алуға Украина мемлекетімен келісім шарт жасалуда.
Амангелді ауылдық округінде «BASKAN RIV» ЖШС 50 000 аналық басқа арналған қой шаруашылығы кешенін салуды бастап отыр, бүгінгі күнге 500 бас қазақи биязы жүнді қой малын сатып алып отыр.
Черкасск ауылдық округінде Қарғалы ауылында «AZIA GOLD» ЖШС дәрілік шөп оның ішінде түймедақ шөбін өндіру кәсіпорынын ашуды жоспарлап отыр.
«Душкин» шаруа қожалығы 1, 2, 3 репродукциялы элиталық тұқым өсіретін шаруашылық жобасы іске асырылады. «Соуфлент Казахстан» акционерлік қоғамына жылына 10 мың тоннаға дейін арпаны жеткізу жоспарлануда.
Бұл – өз кезегінде ауданның ауыл шаруашылығы саласында жасап жатқан жұмыстарын одан әрі жетілдіре түсуге жол ашады.
Президентіміз Жолдауында дамыған агроөнеркәсіп кешенін құру мәселесін көтерді. Онда ауыл шаруашылығы саласының еліміздің негізгі ресурсы бола тұра, барлық мүмкіндіктері мен әлеуеті толық пайдаланылмай тұрғанына назар аударды.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді игеруді қолға алу, фермерлерге өз өнімдерін сыртқа шығарып өткізу үшін барынша қолдау көрсету, салаға инвесторлар тарту мәселелерін шешуді атап көрсеткен болатын.
Біздің бүгінгі басты мақсатымыз – Президентіміздің Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін жəне өнімдердің экспортын 2,5 (екі жарым) есеге арттыру туралы тапсырмасын орындау.
Осы орайда, тапсырманы орындау мен жоспарланған шараларды іске асыруға ауданда барлық мүмкіндік бар.
Нәтижелі көрсеткіштерге Сіздермен бірлесе отырып жететінімізге сенімім мол.
Уважаемые труженики сельского хозяйства!
Примите самые искренние поздравления с профессиональным праздником с днем работников сельского хозяйства!
Развитие агропромышленного комплекса является неотъемлемой частью социально -экономического благосостояния.
Поэтому вклад тружеников сельского хозяйства в обеспечение продовольственной безопасности страны, повышение экспортного потенциала и имиджа района очень велик.
Наш район будучи аграрным, вносит свой вклад в процветание сферы сельского хозяйства.
Вместе с вами мы работаем над комплексным решением вопросов данного сектора.
На сегодняшний день привлекаются инвестиции, принимаются меры по целевому использованию земельных участков.
В дальнейшем планируется увеличение объема выращиваемых сельскохозяйственных культур и производимой продукции, поголовье скота.
При поддержке государства, участии бизнеса аграрный сектор станет крепче и прибыльнее, а жизнь в районе - комфортнее и привлекательнее.
Дорогие труженики полей и ферм!
Надеюсь, что вклад работников сельского хозяйства в экономическое развитие района, а также ваши неисчерпаемые знания и значительный опыт и в дальнейшем будут способствовать росту потенциала отечественного сельского хозяйства.
Искренне желаю вам доброго здоровья, бодрости духа, а также новых трудовых свершений!
Қадірменді ағайын!
Сiздер қажырлы еңбектерiңіздің арқасында ауданның экономикасының дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып келесіздер.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтап, шын жүректен зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тiлеймiн!
Мерекелеріңіз құтты болсын!