Акимат Саркан

Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлының «Денсаулық фестивалінде» сөйлейтін сөзі

Аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлының «Денсаулық фестивалінде» сөйлейтін сөзі, 21.01.2023 ж.

 Құрметті сарқандықтар және қала қонақтары!

 Бүгін табиғат аясына шығып, таза ауада өздеріңізбен бірге «Денсаулық фестивалінде» бас қосып отырмыз.

Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды байлығы, болашағымыздың кепілі.

 Денсаулығы мықты халық қана бәсекеге қабілетті бола алады. Сондықтан болашақ ұрпақты салауатты өмір салтын ұстап, бүгінде спорттың кез-келген түрімен айналысуға барлық мүмкіндіктер бар.

 Осы орайда, жүйелі жоспар жасап, ауданымыздың біршама ауылдарында шағын футбол алаңдары мен стрит-воркауд алаңдарын салып, ел игілігіне берген жайымыз бар.

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын тауып, аудан орталығы Сарқан қаласында жабық типтегі жылы футбол стадионын ашуды жоспарлап отырмыз.

 Бұдан бөлек, орталық стадионның құрылысыда өткен жылы басталып, биылғы жылы заман талабына сай етіп жаңартылмақ.

 Уважаемые сарканцы и гости района!

 Здоровье народа - важнейший рычаг развития страны, залог нашего будущего.

«В здоровом теле – здоровый дух». Будущее нашего района, его процветание в наших с вами руках. Поэтому наш выбор это здоровый образ жизни.

Желаю вам и вашим близким крепкого здоровья, семейного благополучия, успехов и удачи во всех ваших начинаниях.

 Құрметті жерлестер!

 Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, біздер мен сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан біздің таңдауымыз - салауатты өмір салтын сақтау. 

Ендеше, спорттық жарыстарға қатысқалы отырған спортшыларға сәттілік тілеп, «Денсаулық фестивалін» ашық деп жариялаймын.

Назарларыңызға рахмет!

 

Дата публикации
21 января 2023
Дата обновления
21 января 2023
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
17 июля 2026

Социальные медиа

Instagram
Вконтакте
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы