Бүгінгі күні, Сарқан ауданы бойынша 23 мәдениет нысаны қызмет етеді. Оның ішінде аудандық бюджеттен қаржыланатын 8 мәдениет үйі, 2 ауылдық клуб және 11 кітапхана, облыстық бюджеттен қаржыланатын 2 мемориалдық музей бар.
Ауданда қызмет көрсететін мәдениет нысандарының жалпы жағдайы жақсы, материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Қазіргі уақытта мәдени іс-шаралар онайлн форматта өткізіліп жатыр.
455 әкімшілік бағдарламасы 001 бағдарлама бойынша бөлімнің қызметкерлерінің жалақысы, салықтар мен бюджетке түсетін басқа да төлемдер, бөлімді кеңсе тауарларымен, басқа қызметтермен қамтамасыз ету үшін 7 млн. 416 мың теңге бөлінді.
003 бағдарламаға 137 млн. 994 мың теңге бөлінді. Оның ішінде, аудандағы мәдениет үйлерінің, клубтардың қызметін қамтамасыз ету үшін төленетін қаржы. Жергілікті және республикалық бюджеттен төленетін жалақы мен салықтар, басқа да қызметтерді сатып алуға жұмсалатын қаржылар. Штат бойынша 82 адам қызмет етеді.
007 бағдарламада тілдердің қолдану аясын кеңейту мақсатында тілдік шараларға 1 млн. 035 мың теңге бөлініп, қаржы осы жылдың І тоқсанында 100 пайыз игерілді.
010 бағдарлама бойынша мекеменің төлемдерін жүргізуге арналған 1С бағдарламасын сатып алып, бағдарламаны орнату және техникалық қолдау қызметіне 188,0 мың теңге бөлініп, 100 пайыз игерілді.
032 бағдарламасында Көктерек ауылдық мәдениет үйінің жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге 9 млн. теңге бөлініп, жарияланған ашық конкурстың жеңімпазымен 7 млн. 650 мың теңгеге келісім шарт жасалып («Талдықорған Геодезия Кварц» ЖШСі), жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде.
Оның 95 пайызы орындалып, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өткізілу сатысында тұр. Үнемделген 1 млн. 350 мың теңге мемлекеттік сараптамадан өткізуге жұмсалады. Жыл соңына дейін 100 пайыз игеріледі.
Сонымен қатар, мәдениет үйлеріне пандус орнатуға 2 млн. 400 мың теңге бөлінді. 125 мың теңгеге Қойлық, Екіаша, Бақалы ауылдық мәдениет үйлерінің пандустарын орнату жұмыстарының сметалық құжаттары әзірленді.
Жарияланған конкурстардың жеңімпаздарымен келісім – шарттар жасалып, Қойлық ауылдық мәдениет үйіне 1 млн. 360 мың теңгеге пандус орнатылды («Лидер Даму» ЖШС).
Бақалы ауылдық мәдениет үйіне 789 мың теңгеге пандус орнатылды («Тұмар» ЖШС) .
Сондай-ақ, Шатырбай, Бақалы ауылдық мәдениет үйлеріне 3 млн. 042 мың теңгеге қатты отын - көмір алынды.
2020 жылға бөлінген 155 млн. 633 мың теңгенің 90 пайызы орындалды (140 млн.069 мың 700 тенге). Қалған қаржы жылдың соңына дейін толық игеріледі (15 млн.563 мың 300 теңге).
Аудан бойынша 1 аудандық, 10 ауылдық кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетеді. Штат бойынша 29 адам қызмет етеді.
006 бағдарлама бойынша кітапханаларға бөлінген қаражат 50 млн. 786 мың теңге.
Оның ішінде, кітапханалардың қызметін қамтамасыз ету үшін төленетін қаржы. Жергілікті және республикалық бюджеттен төленетін жалақы мен салықтар, баспасөз басылымдарына жазылуға және байланыс қызметтеріне, өзге шығындарға жұмсалатын қаржылар.
Бүгінгі таңда қаражат 46 млн. 973 мың тенге, 92% пайыз орындалды, қалған қаражат 3 млн, 813мың тенге жыл соңына дейін 100% пайыз игеріледі.