Жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

Жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

 

№

Жиі қойылатын сұрақ

Толық жауап

НҚА-ға сілтеме

1

Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын ҚР азаматтары, кандастар, босқындар, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Атаулы әлеуметтік көмегін   жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын ҚР азаматтары, кандастар, босқындар, ҚР тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік Кодексі.

 

2

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін грант беру

Халықтың әлеуметтік осал топтар қатарына жатататын адамдарға   өз ісін, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 айлық есептік көрсеткіштің көлемінде комиссия отырысы шешіміне сәйкес грант алу мүмкіндігі бар. 

Грант алудың негізгі шарттары:

1. тіркелген жұмыссыз болу немесе жеке кәсіпкерлер болу (3 жылға дейін);

2. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы.

Кәсіпкерлік негіздерін оқу үшін skills.enbek.kz порталында тіркеліп, онлайн режимде оқып сертификат алады. 

Грант алуға үміткер болу үшін business.enbek.kz. порталында онлайн форматта өтініш беруге болады.

«Гранттар беру» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы бұйрығы.

3

"Алтын алқа" және "Күміс алқа" мемлекеттік наградаларымен марапаттау

«Алтын алқа» алқасымен 7 және одан да көп бала туған, «Күміс алқа» алқасымен 6 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген аналар соңғы баласы 1 жасқа жеткен және балалары тірі болған ретте марапатталады.

ҚР «Мемлекеттік наградалар туралы» 12.12.1995 жылғы Заңы.

4

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көрсетілетін көмек түрлері

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне (әкімдерді және әкімдердің орынбасарларын қоспағанда) екі түрлі көмек көрсетіледі: бір реттік көтерме жәрдемақы немесе тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит.                                                                                                                       

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 06.11.2014 жылғы
№ 72 бұйрығы

5

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тіркелу

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тіркелуге Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, келесі  құжаттарды ұсыну керек: өтініш, әскери қызметшілер, жұмыс орнынан анықтама, медициналық анықтама, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжат, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын қоспағанда) соңғы он екі ай ішінде табысы туралы мәліметтер.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71,72 -баптарына сәйкес.

6

Мемлекеттен  сатып алу құқығынсыз берілген  жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіру

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын мынадай құжаттарды ұсынған кезде жекешелендірілуі мүмкін: сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үйді жалға алушының барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері қол қойған өтініш, өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелері, неке қию (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері, тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама, жалдау шартының көшірмелері, тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы құжат, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығын растайтын құжат, жұмыс орнынан анықтама және мемлекеттік тұрғын үйді өтеусіз (тегін) жекешелендіруге құқығы бар азаматтар қатарына жататындығын растайтын анықтама.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы.

 

7

Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін беру

Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жергілікті атқарушы органдарға өтінішпен жүгініп, бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай, не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезектілікке сәйкес беріледі.

 ҚР «Жер кодексінің» 44-1 бабына сәйкес

8

Бос тұрған жер учаскесін қосалқы шаруашылық жүргізу үшін беру

Жергілікті атқарушы органға өтініш білдіре отырып, жер заңнамасының талаптарына сәйкес жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде қосалқы шаруашылық жүргізу үшін бос жер учаскесін алуға болады.

ҚР «Жер Кодексінің»  19, 23, 43, 50, 51 ,52-баптары, ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы.

9

Су беру қызметін субсидиялауға өтінім беру мерзімдері

 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасуына байланысты әр жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін жүзеге асырылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2015 жылғы «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту» туралы» № 6-3/597 бұйрығы.

10

Шаруа қожалық құрамынан өз жер үлесімен бөлініп шығу

Шаруа қожалықтан бөлініп шығу үшін жер заңнамасына сәйкес үлестік меншікке қатысушылардың жалпы жиналысында хаттама толтырылып, дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.

ҚР Жер кодексінің 54 -бабына сәйкес

11

Жерді жалға алу шартының мерзімін ұзарту

Жер заңнамасының талаптарына сәйкес, жерді жалға алу шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 3 ай қалған мерзімде жергілікті әкімшілікті жазбаша хабардар ету қажет.

ҚР Жер кодексінің 37- бабының 2 -тармағына сәйкес

12

Шаруа қожалығын жүргізу үшін жерді беру

Жер заңнамасына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа тиісті құжаттарды ұсына отырып, алуға болады.

ҚР «Жер кодексінің» 43-1 – бабына сәйкес

13

Коммерциялық мақсаттағы құрылыстарды салу үшін жер учаскесін беру

Жер учаскесі орналасқан жердегі әкімдікке өтініш беру арқылы заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсқа қатыса отырып, коммерциялық мақсаттағы құрылыстарды салу үшін жер учаскесін алуға болады, сондай-ақ жер учаскелері сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) қойылған уақытта алуға болады.

ҚР 16.07.2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының     47-бабына сәйкес.

14

Шаруа қожалығын дамыту үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру, жалдау

Жер заңнамасының талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру, жалдау құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асырылады. Жер комиссиясы тендерлік ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және инвестициялық жобаның болжамды көлемін қоса алғанда, бизнес-жоспарға сәйкес ұпайлар беру арқылы жеңімпаз конкурстық өтінімді анықтайды. Жеңімпаз - ең көп ұпай жинаған қатысушы болады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.

ҚР «Жер кодексінің» 43-1-бабы сәйкес

15

Жер учаскесін ауданның арнайы жер қорына өткізу

Ауданның арнайы аудан қорына жер учаскелерін өткізу үшін жеке және заңды тұлғалардан құзыретті органға өтініш түсіру арқылы жүзеге асады.

ҚР «Жер Кодексінің»  82, 100-баптары, ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының            31-бабының  1 - тармағының 10) тармақшасына сәйкес.

 

Жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
Дата публикации
18 марта 2026