Референдум учаскелері жұмысының кейбір мәселелері туралы

 

Референдум учаскелері жұмысының кейбір мәселелері туралы

 

 

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 12) тармақшасына, 24-бабының 8-тармағына сәйкес, Сарқан ауданының полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында орналасқан Сарқан ауданының № 353 референдум учаскесінде республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар жоқ екенін ескере отырып, Сарқан ауданының аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Сарқан аудандық №353 референдум учаскесінде дауыс беру жүргізілмейді, учаскелік референдум комиссиясының қызметі 2026 жылғы 14 наурыздан бастап жүзеге асырылмайды.
  2. Осы шешім Сарқан ауданының № 353 учаскелік референдум комиссиясына және Жетісу облысының аумақтық референдум комиссиясына жіберілсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасарына жүктелсін.

 

      Төраға                                                                         М.Естеуов

 

     Хатшы                                                                        А.Нурсаланова

Референдум учаскелері жұмысының кейбір мәселелері туралы
Дата публикации
15 марта 2026