Хабарлама
Сарқан ауданы Бақалы ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы
2026 жылғы 1 наурызда Бақалы сайлау округі бойынша Бақалы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сарқан ауданының Бақалы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Бақалы округі бойынша сайлаушылар тізіміне 947 азамат енгізілді, олардың 784-і (82,8%) дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, "бәріне қарсы" деген жолда -4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Омарова Айнагуль Есболатовна. - 572 адам (73,0%)
Қайырғалиұлы Абылай. – 116 адам (14,8%)
Қыдыржанұлы Ельдар. – 77 адам (9,8%)
Бақалы ауылдық округінің сайланған әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша 1981 жылы туған Омарова Айнагуль Есболатовна Бақалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды, «Бақалы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман. Сарқан ауданы, Қазыбаев ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-11-бабынының 1 тармағына сәйкес 2026 жылғы 1 наурызда сайланған Сарқан ауданының Бақалы ауылдық округінің әкімін 2026 жылғы 1 наурыздағы шешімімен тіркеді.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы