«Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ келесі мемлекетттік қызметтерді көрсетеді:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелерге сай жүзеге асырылады. 2025 жылдың басынан:
- «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметі бойынша – 5 қызмет көрсетілді.
- «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты» мемлекеттік қызметі бойынша - 1 қызмет көрсетілді;
- «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметіне 2 азамат өтініш беріп, тұрғын үй сертификаттары берілді;
- «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметі бойынша – 18 өтініш тіркеліп, тұрғын үй комиссиясына ұсынылды, нәтижесінде 14 азаматқа тұрғын үйді жекешелендіруге оң шешім беріліді;
- «Облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру» мемлекеттік қызметі бойынша- 1 қызмет көрсетілді;
- «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызметі бойынша- 2 қызмет көрсетілді;
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығымен Бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларына сәйкес, Сарқан аудандық ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі тарапынан 2025 жылдың мамыр айында әр санат бойынша кезекте тұрған азаматтардың жалпы тізімі “Отбасы Банк” тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ - на тапсырылған болатын. Қазіргі уақытта аудан бойынша кезегі келген азаматтардың тізімін санаттары бойынша іріктеу жұмыстары, кезекте тұрған азаматқа тұрғын үй кезегі келгендігі туралы ұялы телефондарына арнайы хабарлама жіберу тәсілімен ақпараттандыру “Отбасы Банк” тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ - арқылы жүзеге асырылады.
2025 жылы мамыр айына дейін тұрғын үйге мұқтаждар кезегін “Отбасы Банк” тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ на тапсырмас бұрын Сарқан ауданы бойынша 820 азамат тұрғын үй кезегінде тұрды. Оның ішінде 166 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 1 ҰОС ардагерлері және оған теңестірілгендер; 298 халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтар, 198 көпбалалы аналар, 156 мемлекеттiк қызметшiлер және бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлері, 1 жалғыз тұрғын жайы авариялық жағдайда деп танылған азаматтар бар.
Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарламаны - 10 азамат жолдаған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 1-тармағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы ақпарат бөлім ғимаратында орналастырылған. Сарқан ауданы әкімдігінің ресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат жарияланды.
Сонымен қатар, бөлімнің бас мамандары К. Дюсембекова және М.Умирбаева “Ең алдымен адамдар. Адамға бағдарланған мемлекет” тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарына қатысып, сертификат алды.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестерінің Ережемен бекітілген нормаларға сәйкес жүргізіледі.